Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ  «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау  күніне орай «Табиғатым тамаша» атты тақырыппен "Парктер шеруі - 2025" республикалық табиғат қорғау акциясының жабылу салтанатын Түлкібас филиалы Балықтыкөл орман айналымында    өткізуді.

​"Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясының мақсаты – қоғамның экологиялық сауаттылығын арттыру мен  мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу  болып табылады. 

​Акция барысында қоршаған ортаның табиғатын қорғау тақырыбында өнер конкурсы  және спорт түрлерінен  жарыстар, викториналық сұрақтар   ұйымдастырылды. Оған қоса түрлі экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып, іс-шараны Қазақстан ұлттық арнасы түсіріп, телеарнада көрсетті.

​Авторы Қ. Бердиева

Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы іске асырылуда.  
Осы жылдың басынан бері концепция аясында ел аумағында 405 іс-шара өтті. Олардың қатарында «Таза қала», «Таза өлке», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Таза жағалау», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Мөлдір бұлақ», «Халықаралық құстар күні» және т. б.  ауқымды республикалық акциялар бар, аталған шараларға 1,4 млн. жуық қазақстандық қатысты,  оның ішінде 82 мыңы еріктілер.
Жұмыла жасаған еңбек нәтижесінде 121 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 584 мың гектар аумақ тазартылды, сондай-ақ 1,7 млн. ағаш отырғызылды, 5 мыңнан астам студенттің қатысуымен дәрістер, эко-сағаттар, конкурстар мен экскурсиялар өтті.
 
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.