Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Түркістан көпсалалы - техникалық колледжі базасында “Қазақстандағы туризмнің даму проблемалары” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиын барысында өңірдің өзекті мәселелері, туризмнің салалары тақырыбын жан-жақты талқылау, туризмді дамытудың мүмкіндіктері мен кедергілерін қарастыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге Төлеби аудандық Аймақтық ақпараттық экологиялық саяхатшылар орталығының директоры Алихан Абдешов, ұлттық парк мамандары мен колледж оқытушылары мен студенттері аталған мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар, зум арқылы Түркістан облысы Қолөнер колледжінің студенттері қатысты.

17.11.2023ж. “Экология, өлкетану және туризм орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ұлттық парктің Сайрамсу шатқалында педагог қызметкерлері арасында туризмді насихаттау, туристік ептілікті шыңдау, салауатты өмір салтына баулу мақсатында мекеменің экскурсовод-жүргізушісі А.Тастанбековпен бір күндік туристік жорық ұйымдастырылды.

24.10.2023 жылы облыстық және қалалық құзырлы органдардың және ұлттық парк қызметкерлерінің қатысуымен

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес «Жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиналыс соңында саналы ғұмырын орман шаруашылығы саласына арнап жүрген Ж.Тұрғанов, Қ.Жүнісов сынды ардагерлеріміз және басқа да ұлттық парк қызметкерлері ҚР Экология және Табиғи ресурстар министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

26 5 26 5 26 5 26 5

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.