Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі баршаңызды көктемнің жаңаруымен, береке мен бірліктің мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Табиғат түлеп, тіршілік жаңарған бұл ерекше сәт әр шаңыраққа амандық, ырыс пен қуаныш әкелсін!?

Көктемнің әрбір шуақты күні сіздерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап, жүректеріңізге жылулық пен үміт ұялатсын.
Ұлы мереке елге тыныштық, жерге құт, табиғатқа көрік әкелсін! Бірлік пен татулық салтанат құрған бұл күнде
әр отбасыға бақ-береке, молшылық пен шаттық тілейміз.
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Наурыз әрдайым игіліктің жаршысы болсын!?

 

Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды:

? 2022–2026 жж. ҒЗЖ аясындағы 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары бекітілді;
? «Табиғат жылнамасы – 2025» кітабы мақұлданып, бекітілді;
? 2026 жылға арналған «Парктер шеруі» іс-шарасы бекітілді;
? 2026 жылдың көктемінде филиалдарда орман екпе алқаптарын отырғызу жұмыстарының барысы қаралды;
? Өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарының тексеру қорытындысы тыңдалды.

? Қабылданған шешімдер табиғатты қорғау, ғылыми зерттеулерді дамыту және алдағы жоспарларды тиімді іске асыруға бағытталған.

 

Көктемгі мезгілдегі мемлекеттік есепке алу, мониторинг жұмыстары барысында фототұзаққа ҚР қызыл кітабына енген, сирек кездесетін жануар – Қаратау арқарының ерекше сәті түсті.
Кадрда арқарлардың табиғи мінез-құлқына тән өзара күш сынасу көрінісі байқалады.

 

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 21.01.2026 Nº27-03/15-HҚ бұйрығына сәйкес ұлттық парк мемлекеттік инспекторларының ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тимді пайдалану жене табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында табиғи (ботаникалық) қаумалдарына 05-06.03.2026 жыл күндері аралығында техникалық минимум сабағы өткізілді.

 

Конституция – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен заң үстемдігінің кепілі.
Табиғатты қорғау, ұлттық байлықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті.

 

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
21.01.2026 Nº27-03/15-HҚ бұйрығына сәйкес ұлттық парк мемлекеттік
инспекторларының ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тимді пайдалану жене табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында Төлеби филиалында 26-27.02.2026 жыл күндері аралығында техникалық минимум сабағы өткізілді.

 

27.02.2026 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Түркістан өңірінің ұлы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіндегі Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығы және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығына арналған  «Табиғи ландшафттардың экологиялық маңызы және ұлы тұлғаның этнотуризмді дамытудағы орны»  атты  ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға ұлттық парк  пен қорық мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты: Табиғи ландшафтарды сақтау, этнотуризмді дамыту және тұрақты туризм бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми және тәжірибелік тәжірибе алмасу.

Семинарда қаралған негізгі мәселелердің бірі:

Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі рөлі және даму перспективалары.

 

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
21.01.2026 Nº27-03/15-HҚ бұйрығына сәйкес ұлттық парк мемлекеттік
инспекторларының ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тимді пайдалану жене табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында Түлкібас филиалында 12-13.02.2026 жыл күндері аралығында техникалық минимум сабағы өткізілді.

 

<p><iframe src="https://vk.com/video_ext.php?oid=-164294877&amp;id=456240181" width="100%" height="480" style="background-color: #000000;" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe></p>

Аспанмен таласқан таулар, сыбдырлаған орман, мөлдір өзендер – бәрі бір жерде.
Табиғатты аялау – болашақты сақтау. ?
#ҰлттықПарк #ТабиғатКереметі #ТазаТабиғат #KazakhstanNature

 

Қазақстанның інжу-маржаны-Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі-Батыс-Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан табиғаттың нағыз ғажайып мекені.Түркістан облысында тұнғыш ұлттық табиғи паркі ретінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Үкіметтің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысының негізінде құрылған.Оңтүстіктің асыл қазынасы,қымбат мұрасы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 мерейтойы құтты болсын!

 

<p>Фототұзақ объективінде-ұлттық парктің жаңа бейнематериалдары! Ұлттық парктің аумағында орнатылған фототұзақтар тағы да табиғаттың ғажайып сәттерін тіркеді.Жабайы жануарлардың табиғи мінез-құлқы,түнгі тіршілік пен сирек кездесетін кадрлар-барлығы да табиғатты қорғаудың маңызын айқын көрсетеді.Табиғатты аялау-ортақ міндет әрбір кадр-тірі табиғаттың үнсіз хикаясы Бейнематериалдар қоршаған ортаны сақтау жұмыстарының нәтижесін дәлелдейді. Табиғатты бірге қорғайық!

 

Әуесқой түсірілім Ұлттық парк аумағында жер пайдалнушылар сіздерді қыс айларында қарсы алуға дайын.Қар жамылған табиғат,тыныштық пен ерекше көріністер-бәрі кадрда.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.