Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

 19 1

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 07.03.2024 жылғы №27-5/ 21 нқ бұйрығымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің бас директоры лауазымына Сағадат Оразалыұлы Нұржігітов тағайындалды.
Сағадат Оразалыұлы Нұржігітов - 1977 жылы 23 наурызда Талдықорған облысы Гвардия ауданының Көксу ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2003 жылы Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінде «Орман және бау-бақша шаруашылығы» мамандығын бітірген.
Еңбек жолдары:
1997-2002 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданындағы Бөрлітөбе орман аңшылық өндірістік кәсіпорнында орманшының көмекшісі, орманшы, бас орманшының м.а.
2002-2006 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданындағы Жоңғар орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орманшысы, директорының орынбасары.
2006-2019 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданындағы Алакөл орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2019-2024 жылдары Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында басшы орынбасары қызметтерін атқарған.
Үйленген, жұбайымен 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.

 

 

Айнабеков Бакыт Токтасынович

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.