Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2022-2026 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2021 жылғы   9 желтоқсандағы №27-5/277 бұйрығымен бекітілді. Онда 4 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары:

  • Сайрам-Өгем МҰТП-нің табиғи кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді «Табиғат жылнамасы»  бағдарламасы бойынша зерттеу;
  • Сайрам-Өгем МҰТП-ң индикаторлық және сирек кездесетін омыртқасыз жануарларының биологиялық алуантүрлілігін ұзақ уақыттық ғылыми мониторинг негізінде зерттеу; (жалғасы)
  • Сайрам-Өгем МҰТП-і флорасын түгендеу, оның мониторингі, өсімдік жабындысы жүйесінің сипаты;
  • Сайрам-Өгем МҰТП-нің аумағында кездесетін бадам ағашын зерттеу, оның перспективалық түрлері мен шаруашылық құнды формаларын анықтау.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару барысында
 басқа мекемелермен қарым-қатынас:

«Ұлттық биотехнология орталығы», «Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкері б.ғ.к. Н.Е.Зверев, б.ғ.к. М.П.Данилов., «Зоология институтының қызметкері П.А.Есенбекова., Биология ғылымдарының кандидаты Г.Б.Сақауова.,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университетімен., академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетімен., «Казгидромет» РМК., Назарбаев зияткерлік мектебі және басқа да мектептермен.

  1. Сайрам-Өгем МҰТП-нің табиғи кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді «Табиғат жылнамасы»  бағдарламасы бойынша зерттеу;

Жылдық жоспарға сәйкес «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша 14 рет ғылыми-зерттеу іс-сапарлары ұйымдастырылды. Іс-сапарлардың мақсаты:Ұлттық парктің  табиғи - аумақтық кешендерінің жай-күйін бағалау, даму серпінін зерделеу, абиотикалық орта элементтерінің жай-күйіне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық құбылыстарға, антропогендік факторлардың әсер етуіне бақылаулар жүргізу болып табылады. «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша фенологиялық бақылаулар жүргізу. Іссапар барысында атқарылған жұмыстар: Ұлттық парк аумағындағы өсімдіктердің динамикасы,  жеміс беруі, фенологиялық құбылыстары, сирек кездесетін эндемдік және шаруашылық тұрғыдан бағалы өсімдіктер түрлерінің таралуы  және олардың биологиялық ерекшеліктері зерттелді.

Ұлттық парк аумағындағы  жануарлар мен құстар популяциясының жағдайына және санына, сирек кездесетін жануарлар мен құстардың түрлеріне бақылаулар жүргізілді. Гидрометеорологиялық құбылыстарға есеп алаңдарында тұрақты және белгіленген бағыттар бойынша мониторингтік бақылау жасау жұмыстары орындалып, Ұлттық парк аумағындағы өсімдіктер және жануарлар дүниесінің алуан түрлілігіне есептеу жұмыстары жүргізілді; Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін және эндемдік өсімдіктер және жануарлар түрлерінің тіршілік ету ортасы анықталды; ғылыми экспедиция кезінде жинақталған фенологиялық бақылауларға, гербарий үлгілеріне және басқа да мәліметтерге камералды өңдеу жүргізілді; жүргізілген бақылаулар және түрлердің биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін, гидрометеорологиялық құбылыстарды зерттеу негізінде ұлттық парктің жылдық кітабы “Табиғат жылнамасы” құрастырылуда.

Бөлім қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарын бекітілген іс-сапар кестесі бойынша жүргізіп келеді. «Табиғат жылнамасы» кітабының кестелерін мемлекеттік инспекторларға толтыру үлгілерін үйрету және 40-сағаттық оқу-семинар сабағын өткізу мақсатында бөлім қызметкерлері  ақпан айында Түлкібас филиалында және наурыз айында Төлеби,Өгем филиалдарында техминимумға қатысты.

2. Сайрам-Өгем МҰТП-ң  индикаторлық және сирек кездесетін омыртқасыз жануарларының биологиялық алуантүрлілігін ұзақ уақыттық ғылыми мониторинг негізінде зерттеу; (жалғасы)

Тақырып бойынша  жетекші  ҚР Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері б.ғ.к. П.А.Есенбековамен бірге аға ғылыми қызметкер А.Тасбулатова        1 рет іс сапарда болып, барлығы 2022 жылы 4 рет іс сапарға шықты (ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырушы М.Балабиева).
Зерттеу жұмыстары 2022 жылғы жоспарға сәйкес Түлкібас филиалы Арыс, Шүрен шатқалдары, Төлеби филиалының Сайрамсу, Сарыайғыр шатқалдары, Өгем филиалы Ақтас,Тазқара шатқалдарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аймақтардан омыртқасыз жануарлардың 8 отряд 25 тұқымдасынан 57 түрі анықталды. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.

3. Сайрам-Өгем МҰТП-і флорасын түгендеу, оның мониторингі, өсімдік жабындысы жүйесінің сипаты; тақырыбы бойынша (жетекшісі: б.ғ.к. Б.Г.Сақауовамен бірге орындаушы аға ғылыми қызметкер А.Умирзакова 1 рет іс сапарда болып, барлығы 2022 жылы 5 рет іс сапарға шықты). 2022 жылдың  қорытындысы  бойынша жоспарға сәйкес Өгем филиалының Өгем шатқалдары, Түлкібас филиалы Көкбұлақ, Иірсу, Даубаба шатқалдары, Төлеби филиалының Сайрамсу, Сарыайғыр шатқалдары  зерттелді. Қазіргі таңда 50-ден астам өсімдік түрі анықталды, оның 10 түрі  ұлттық парктің тізімінде жоқ өсімдіктер. Тақырып бойынша зерттеу жұмыстары жалғасуда.

4. Сайрам-Өгем МҰТП-нің аумағында кездесетін бадам ағашын зерттеу, оның перспективалық түрлері мен шаруашылық құнды формаларын анықтау; (жетекшісі Ботаника және фитоинтродукция институтының аға ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Н.Е.Зверев, бөлім басшысы Ғ.Жеңісбекұлы тақырып бойынша 2022 жылы 6 рет іс сапарға шықты). 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.