
2025 жылдың қыркүйек айында Сайрам-Өгем МҰТП орман айналымдарында күзгі түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жұмыстарының негізгі мақсаты – орман қоры мен отырғызылған көшеттердің нақты санын, жай-күйін және өсіп-жетілу деңгейін анықтау болып табылады.
Түгендеу барысында 2025 жылғы Төлеби филиалы Сайрамсу орманшылығы №1 орман айналымының №2 орамы №2,8 телімдеріндегі отырғызылған мәдени екпелердің көнімділігі төмен көрсеткіш, себебі ауа-райының қолайсыздығынан күннің ыстық болуы, жауын жаумағаннан жалпы көнімділігі – 52,6% құрайтыны анықталды. Төлеби филиалындағы түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 3537 дана көшет есептеншығаруға ұсынылды.
2025 жылы Түлкібас филиалы Дәубаба орманшылығының №37 орамының 10 теліміне 5 га жерге жаңадан орман екпесі жасалған. Орман екпесіне 3х2 ықшамсызбасымен 8330 дана жабайы алма көшеттері егілген. Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы орман екпесінің көнімділігі 52,8% болды. Филиалдың түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 4293 дана көшет есептен шығаруға ұсынылды.
2025 жылы Өгем филиалы Өгем орманшылығының №13 айналым №33 орам №90 теліміне 5 га жерге жаңадан орман екпесі жасалған. Орман екпесіне 3х2 ықшамсызбасымен 8330 дана жабайы алма көшеттері егілген. Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы орман екпесінің көнімділігі 50,2% болды. Іріктеп ішінара тексеру қорытындысы бойынша орман тұқымбақтарындағы өсіріліп жатқан әртүрлі ағаш көшеттерінің күтіп, баптау жұмыстары тұрақты орындалуы туралы тапсырма берілді.
2025 жылдың күзінде Түлкібас, Төлеби және Өгем филиалдарында орман айналымдарында түгендеу жүргізілді. Бұл – табиғатты сақтау мен орман қорын тиімді басқарудағы маңызды қадам!