
Тазқара — ірі жыртқыш құс, көбіне өлексемен (өлі жануарлармен) қоректенетін табиғаттың «тазалаушысы». Жалпы мәлімет: • Тазқаралар Accipitridae тұқымдасына жатады • Қанат жайымы: 2,5–3 метрге дейін жетеді • Салмағы: 6–12 кг шамасында • Түсі көбіне қара, қоңыр немесе сұр болады Таралу аймағы: Еуропа, Азия және Африкада кездеседі. Қазақстанда да бар, әсіресе таулы және шөлейт өңірлерде жиі ұшырасады. Ерекшелігі: • Басы көбіне жалаңаш (қауырсынсыз) — бұл гигиена үшін маңызды • Өте биікте қалықтап ұшады, ауа ағындарын шебер пайдаланады • Көру қабілеті өте жақсы Қорғалуы: Кейбір түрлері сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабы тізіміне енгізілген, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқаратын ерекше құс. Көктемгі санақ жұмыстары барысында Зоология институты орнитолог мамандарымен бірлесе жұмыстар жүргізілді. Табиғи ортадағы құстардың саны мен түрлік құрамын анықтау мақсатында жүргізілген бұл жұмыс биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады.
Ұлттық парк қызметкерлерінің қатысумен табиғатты қорғау бағытында маңызды кездесу өтті.Түлкібас филиалының және ұлттық парктің заңгері жануарларды қорғау және молайту бөлімінің мамандары,мемлекеттік инспекторлар,сондай-ақ Түлкібас аудандық прокуратурасы мен АПБ табиғат қорғау инспекторларының қатысуымен кеңейтілген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Кездесу барысында:Сұғанақтыққа қарсы күрес шаралары талқыланды Табиғат қорғау саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.Нормативтік құқықтық актілерді зерделеу және оларды тиімді орындау жолдары пысықталды.Аталған іс-шара құқық органдары мен табиғатты қорғау мекемелері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып,қоршаған ортаны сақтау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге ықпал етті. Табиғатты қорғау-баршамызға ортақ міндет.
Сайрам-Өгем МҰТП 2026 жылғы жоспарына сәйкес ақпан айында жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің басшысы мен маманы және филиал аңшы-биологтарының ҚР Қызыл кітабына енген Қар барысына орнатқан фототұзақ нәтижесі. Бұл – табиғаттың баға жетпес байлығы саналатын сирек жыртқыштың ұлттық парк аумағында тіршілік ететінінің айқын дәлелі. Мұндай нәтижелер табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстардың жемісі.
Биоалуантүрлілікті сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел 2026 жылдың 15 сәуір күні «Мирас» университетінің профессор оқытушылар құрамы «Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі» МҚК-і, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық парк қызметкерлері бірлесе Биоалуантүрлілікті сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 16.04.2026 ж. «С.Рахымов атындағы әскери» колледж «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 1 курс ұландарына арналған танымдық лекция өткізді. Лекция барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 70 ұлан 6 офицер құрамы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!