Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Оның аумағының тек 5%  ғана орманмен қамтылған, ал бұл шамамен 13,6 млн гектар. Төмен пайызына қарамастан, Қазақстан Еуразияның орманға бай елдерінің бірі болып табылады. Ормандар төрт негізгі түрмен ұсынылған: орманды дала және дала аймақтарының ормандары, таулы ормандар, тоғай және сексеуіл ормандары. 
Бүгінгі таңда Қазақстандағы ормандардың басым бөлігі мемлекеттік меншікте, оның 74,2%  облыстық әкімдіктердің, ал 25,2% ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және 0,6%  басқа ведомстваларға жатады. Елімізде ормандарды қорғауды 122 орман шаруашылығы мекемесі, сондай-ақ 34 ерекше қорғалатын табиғи аумақ қамтамасыз етеді.
 

Сайрам-Өгем МҰТП-нің құрылуына еңбек сіңірген,2006-2014 жылдар аралығында бас директор қызметін атқарған Тұрғанов Жеңісбек Тұрғанұлын Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев “Құрмет” орденімен марапаттады.

sugpp

Іс-шарада парк  қызметкерлеріне Министрліктен, “Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен”, “облыстық аумақтық инспекциясынан”, “Кәсіподақ” ұйымынан төс белгі және парк әкімшілігінен марапаттар мен алғыс хаттар берілді. Іс-шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Кәсіби мереке құтты болсын, құрметті орманшылар! 
1 1 1 1 1 1

№5  ғылыми –техникалық кеңесте қаралған мәселелер 

1. Филиал директорларының ағымдағы жылдың 9 айлық атқарылған жұмыстары бойынша есебі.
2. Филиалдарда туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға жалға учаске алған жер пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындау барысы 
3. Орман екпе алқаптары мен орман тұқымбақтарындағы өсірілген ағаш-бұта көшеттерін күзгі түгендеу және айналымдарды шолып тексерудің қорытындысы
4. Биотехникалық шаралардың орындалу барысы туралы.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жұмыстарының орындалуы
6. Ғылыми зерттеу жұмыстарының жетістіктерін, іссапар қорытындыларын баяндау.
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.