12.05.2023ж. Түркістан облысында Орман шаруашылығы мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен орман және дала өрттерінің алдын алу мен бірлесіп сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу жаттығуға өңірдегі өрттің алдын алуға жауапты 150-ден астам қызметкер мен 70-ке жуық техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өртке қарсы құрылымдардың тәжірибелік іс-қимылдары жоспарын сынақтан өткізу және жетілдіру, дала-орман өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылығы мекемелері мен аудан, қала әкімдіктерінің өзара әрекет жасауы жөніндегі тиімділігін көтеру.
28.04.2023ж. Шымкент университетінде қазіргі ғылымдағы жастар: "Ғылымды дамыту мәселелері мен болашағы" тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел (семинар). Ұлттық парк тарапы семинарға өз үлесін қосып, ғылымды дамыту бойынша жас ғалымдарға көмектесуге дайын екенін білдірді.