
26-сәуір күні Ұлттық парк дирекциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы - Жұмабек Бағдат, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, т.ғ.к. - К.Анарбаев, аумақтық инспекция орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы - Ш.Қарабала және парк қызметкерлерінің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қызметшілердің әдептілік мінез-құлқы" тақырыбындағы ақпараттық жиналысы өткізілді.
?Қырдың *ҚЫЗЫЛ ҚЫЗҒАЛДАҒЫН* қызғыштай қорғайық❗️ Жыл сайын табиғат қорғау, орман шаруашылығы қызметкерлері мен өңірлік тәртіп сақшылары *Қызыл кітапқа* енген қызғалдақтарды қорғау жұмыстарын, әсіресе қызықтауға (суретке түсуге) ? келген тұрғындарға қызғалдақты жұлуға болмайтынын үгіт -насихат арқылы түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. ? Бүгінгі іс-шарада мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне және келуші тұрғындарға қызғалдақтар туралы көптеген ақпараттар берілді. ??️ Жойылып бара жатқан *аң-құстарды, өсімдіктерді* бірге қорғайық!?