Ағымдағы жылдың 18 мамырында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы омыртқасыз жануарларын зерттеу жұмыстарын жүргізу тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарға ұлттық парктің бас директоры м.а. Шуменов Ч.А., ҚР Зоология институтының қызметкері, б.ғ,к Есенбекова П.А., Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері М.Ислямов., Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері Н.Төре., М.Косаева., Ғ.Ағатай., қалалық Дендрологиялық саябағының ғылыми қызметкері М.Медетова., Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің 3 курс студенттері және ұлттық парктің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері қатысты.
«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы аясында «Экология, өлкетану және туризм орталығымен» бірлесіп ұйымдастырылыған «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті.
12.05.2023ж. Түркістан облысында Орман шаруашылығы мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен орман және дала өрттерінің алдын алу мен бірлесіп сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу жаттығуға өңірдегі өрттің алдын алуға жауапты 150-ден астам қызметкер мен 70-ке жуық техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өртке қарсы құрылымдардың тәжірибелік іс-қимылдары жоспарын сынақтан өткізу және жетілдіру, дала-орман өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылығы мекемелері мен аудан, қала әкімдіктерінің өзара әрекет жасауы жөніндегі тиімділігін көтеру.