Ұлттық парк аумағында 1635 жоғары сатыдағы өсімдік түрі кездеседі.
Оның ішінде ҚР Қызыл кітапқа 62 түрі енгізілген.
Қазіргі таңда 800-ге жуық өсімдік түрі анықталды. Оның 30-дан астамы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
Және де Ұлттық парктің өсімдіктер тізімінде жоқ жаңа 50-ге жақын түр анықталды.
Бүгінде жинақталған гербарий қоры 2000 данаға жуық.
Жыл сайын ұлттық парк қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында гербарий қорын жинақтап, камералды өңдеу жұмыстарын жүргізіп, арнайы орындарда сақтауда.
Ұлттық парк аумағында жоспарға сәйкес орман өртіне қарсы минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілді.
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан шыңына (Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) оңтүстіктің тәжірибелі альпинистері ақпараттық тақтайша орнатты.
22-23 шілде күндері openturkistan ұйымдастыруымен "Түркістан таулары" атты экотуристік фестивалі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өткізілді.
Іс-шараға 150-ден астам қатысушылар келіп, оларға тауда жүру ережелері мен барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды бірінші орынға қою ескертілді.
Түрлі мазмұндағы топтық сайыстар өткізіліп, іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды.
2023 жылдың 17-19 шілде күндері Өгем филиалы «Долина реки Угам в контексте археологического изучения» атты жобасының аясында, қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-сапар болды. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Ғ.Жеңісбекұлы іс-сапар барысында Өгем филиалында археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, фотоға түсірілді.