16.10.2023ж. Ұлттық парктің кезекті №5 ғылыми-техникалық кеңесі өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Филиалдарда туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға жалға учаске алған жер пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындау барысы туралы.
2. Орман екпе алқаптары мен орман тұқымбақтарындағы өсірілген ағаш-бұта көшеттерін күзгі түгендеуден өткізудің қорытындылары.
Ұлттық парктің Төлеби филиалы Сарыайғыр шатқалында 14-қазан күні "Орман шаруашылығы қызметкерлері күні" іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарада орман шаруашылығы саласының ардагерлері, облыстық орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілі, Қаратау табиғи қорығы мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада қызметкерлерге түрлі "Алғыс хаттар" үлестіріліп, бағалы сыйлықтар берілді.
Елімізде табиғатты қорғау және жан-жануарлар дүниесіне қамқор болып, жанашырлық танытуға, дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз аң аулап, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу — "орманшылардың" басты назарында. Ұлттық паркте осындай жұмыстарды абыройлы атқарып жүрген мемлекеттік инспектор Акимбеков Нұржан Сайрамбайұлы.