Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

09.01.2024 ж ұлттық парк дирекциясында мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы өкілдерімен 2023 жылды қорытындылап, 2024 жылға жаңа құраммен жаңа жоспар құрылып жиналыс өткізілді. Нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұжымдық келісім шартына сәйкес, ұтымды бастамаларды алға қойып, алдағы уақытта кәсіподақ өкілдері жылына кемінде 2 рет есеп беріп, түрлі талдаулар жүргізуге келісті.

12-1 12-1 12-1 12-1

КОНКУРС жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
Барлық қатысушы мектеп орманшылықтары мүшелеріне өз алғысымызды білдіреміз!
Конкурсқа келген материалдар ұлттық парк биоалуантүрлілігі туралы қолөнер, сурет салу, өлең шумақтары бойынша анықталды.

29 1 29 1 29 1 29 1 29 1

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Бөлімнін жылдық есептері, қорытындысы. 2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты» жұмыстарының орындалуы жөнінде. 3. Ұлттық парк филиалдарынын жылдық есебі. 4. Әртүрлі маселелер.

1 1 1 1

ҚР ЭжТРМ—нің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №27-4/263-НҚ «2023 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды үлкейту туралы» бұйрығын іске асыру мақсатында ұлттық парк қызметкерлері және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып парк аумағымен қоса күзет аймақтарында арша және басқа да қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын, көшеттерін қорғау, сақтау мақсатында паркке іргелес жатқан елді мекен тұрғындарына түсіндіру жұмыстарымен рейдтік іс шаралар жүргізілуде.

05 1 05 1 05 1 05 1 05 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.