На каком языке говорит с нами природа?
Языком гармонии, на языке жизни...
Сайрам-Өгем ұлттық паркінің қызметкері кәсібіндегі қызықтар жайлы айтып берді
Нұр-Сұлтан қаласында үздік инспекторларға, орманшыларға және табиғатты қорғауға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы берілді.
Шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Республика. Аймақ. Даму» қоғамдық қоры ұйытқы болды.
“Елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы «Елім-ай» сыйлығын табыстау арқылы біз саладағы үздік мамандарды, жануарларға, жабайы табиғатқа, экологияға жаны ашып, өз еріктерімен қоғамдық істердің басында жүрген азаматтардың еңбегін атап өткіміз келді», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев іс-шараның ашылу салтанатында.
Түркістан облысындағы Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарының таулы аймағында орналасқан жалпы аумағы 149037 гектар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне Өгем, Қаржантау, Иірсу-Дәубаба, Боралдайтау және Қазығұрт тау жоталары кіреді.