Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Мекеменің 2022 жылғы жұмысын қорытындылап, филиалдардың жұмыс жоспарларын бекіту.
  2. Ғылыми-техникалық кеңестің жаңа құрамын бекіту.
  3. Ағымдағы әртүрлі мәселелер талқыланды.

Ұлттық парк қызметкерлері орнатқан фототұзақтарға түсірілген сібір елігі.

Еліктің негізгі мекен ету ортасы маусымдық өзгерістерге тікелей тәуелді. Жаз айларында таудың жоғарғы белдеулеріндегі жайылымдарға дейін көтеріліп, қыс мезгілінде ең төменгі белдеуге, кей уақытта парк территориясынан тыс аумақтарда да байқалып қалады. Көктем және күз айларында тау аңғары ішіндегі өзен бойындағы арша, бұта-ағаштар тоғайында жиі кезігеді.

14.02.23 1 14.02.23 1 14.02.23 1

9-10 ақпан күндері ұлттық парк қызметкерлері мектеп орманшылықтарымен жұмыстарды жандандырып, оқушыларға парк жөнінде толығымен ақпараттар беріп, қызықты презентациялық оқу-семинар сабақтарын жүргізді. Қатысушыларға өз өлкесіндегі таулы аймақта мекендейтін жабайы аң-құстар, кездесетін ағаш-бұта, өсімдіктер, жалпы табиғат туралы видео көрсетіліп, қызықты мағлұматтар алды.

10.02.23 1

Ағымдағы жылдың ақпан айының алғашқы күндері Төлеби филиалының мемлекеттік инспекторлары жабайы жануарларға биотехникалық іс-шаралар жүргізіп, сондай-ақ келушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.