1-сәуір халықаралық құстар күніне орай "Парктер шеруі-2023" аясында «Экология,өлкетану және туризм орталығы» КММ-і мен бірлесе "Құстарға қамқор болайық" атты өткізілген іс-шара.
31-наурыз күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы А.Асқаров атындағы Дендросаябағында өткізілді. Қатысушылар саны 500-ге жуық. Іс-шара барысында қылқан жапырақты ағаш көшеттері егілді. Іс-шараға ЖОО мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, «Жас-Ұлан» сарбаздары, ПҚ Желтоқсан ақиқаты РҚБ Шымкент қалалық қоғамдық бірлестігі, Мұрагер қоғамдық бірлестігі, туризм орталығы, Дендропарк Шымкент және ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Ұлттық парк қызметкерлері және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқытушыларымен студенттердің практика өту кезін атқарылатын жұмыстарын талқылау барысы.