Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Табиғаттың таза ауасы, асқар таулар, мөлдір өзен-көлдер мен жан-жануарлар әлемі – бәрі сізді Сайрам-Өгем ұлттық паркінде күтуде.
 
? Уақыт тауып, табиғатқа жақындаңыз.
? Әр сапарыңыз – жаңа әсер, жаңа қуат.
? Келіп, көріп, сұлулықты сезініңіз!
 
???Орман-ұлттық байлығымыз,ал оны қорғау-үлкен жауапкершілік. Біздің елімізде табиғатты көзінің қарашығындай сақтап, орман алқаптарын қорғап, қалпына келтіру жолында күн-түн демей еңбек етіп жүрген орман қорғаушылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Олардың еңбегі-келешек ұрпаққа таза ауа, жасыл алқап, бай биоалуантүрлілік қалдыру.
???‍?Осылай орманды қорғау, орман өсімін молайту, жан-жануарлар мен жабайы  табиғатқа қамқор болып, еліне, жеріне қызмет етіп жүрген Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Өгем филиалының аға орманшысы- Мақұлбаев Жаңабай Тойлыбайұлының бір күндік жұмысы.
Барша орман қорғаушыларына табиғат алдындағы адал еңбегі үшін алғыс айтамыз!
???️?Табиғатты бірге қорғайық!
 

Ұлттық парк аумағында еріктілердің қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өткізілді.
Қоршаған ортаны қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Осы мақсатта қоқыс жинау, тазарту және табиғи аумақты қалпына келтіру шаралары жүргізілді.
 
? Табиғатты аялауға атсалысқан әрбір қатысушыға алғыс айтамыз!
Таза табиғат – таза болашақ. ??
 

 
#ҰлттықПарк #Сенбілік #ТазалықЖұмыстары #ТабиғаттыҚорғау #ЭкоСенбілік #ЭкоМәдениет
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.