Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:
1. Ұлттық парк қызметінің 2023 жылғы қорытындылары және 2024 жылдың міндеттері туралы.
2. Филиал жоспарларын бекіту.
3. Бюджеттік өтінімдерге сұраныстар, өндірістік қажеттілікке байланысты тауарлар.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты» жұмыстарының орындалуы жөнінде.
5. Әртүрлі мәселелер

28-1 28-1 28-1 28-1 28-1

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 10.11.2023 жылғы №605 және ҚР Экология және табиғи ресуртсар министрлігінің 14.11.2023 жвлғы №320-ө «Мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясының қызметкерлерін, орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өту қағидалары бекіту туралы" бірлескен бұйрығына сәйкес "Орман шаруашылығының ардагері және Сайрам-Өгем МҰТП-нің орманды қорғау және молықтыру бас инженері Қ.Жүнісов ағымдағы жылдың 15 ақпан күні М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының оқу орталықтары базасында "Өрт қауіпті маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрттің алдын-алу шаралары туралы дәріс өтті

16 1 16 1 16 1

Ағымдағы жылдың 31-қаңтар күні ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жол бермеу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа құзырлы орган қызметкерлері, аумақтық инспекция мамандары, ұлттық парк қызметкерлері қатысты.

02 1 02 1 02 1

ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігі , Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, 2023 жылғы 14 карашадағы №320-Ө және Төтенше жадайлар министрлігінің 2023 жылғы 10 карашадағы № 605 бірлескен бұйрығына сәйкес , «Мемлекеттік орман кузеті, орман өрт станция қызметкерлерін, орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өту қағидаларын бекіту туралы бірлескен бұйрығына сәйкес” Шымкент каласы М. Ғабдуллин атындағы азаматтық, корғаныс академиясы оқу орталығында "Өрт сөндіру оқу-жаттығу" сабақтарына Сайрам-Өгем МҰТП-і қызметкерлері қатысуда.

1 1 1 1

Арша (немесе тау аршасы) – біздің таулардың ерекше ағашы. Батыс Тянь-Шань тауларында арша биік, қою бұталы, мықты діңді сұлу ағаш болып келеді.
Бір аңызда, бұдан бірнеше мың жылдар бұрын төрт ағаш қатар өсіпті: қарағай және оның қызы – арша, сексеуіл және оның ұлы – жүзгін. Балалық шақ кезінен арша мен жүзгінді атастырып қойған екен, алайда жүзгіннің отбасы өте кедей болып, қалыңмал жинай алмаған, қарағай мұндай құдаларды ұнатсын ба?
Жүзгін - жігіттің жүрегі жараланып, әкесі сексеуілдің намыстан, өкініштен, жоқшылықтан денсаулығы нашарлап, тез қартайып кетті. Екеуі намыстанғаннан оңтүстікке қарай – сусыз жолды жерге көшіп кетеді. Ол жақта жүзгін тобылғымен танысып өз бақытын табады, кішкене гүлдермен гүлдененді.
Қарағай болса денесін тіктеп жоғары қарай биіктеп өсе береді. Ал Арша тау тастарын ұнатып таудың жоғары белдеулеріне қарай кетеді.
Бақыт байлықтың көптігінде емес, өзіңе жасалған жайлы жағдайда - өмір гармонясында!

Біздің аумақта аршаның негізінен үш түрі өседі:
Зеравшан аршасы, жарты шар тәрізді арша (Саур аршасы) және жоғары белдеулерде өсетін Түркістан аршасы (стелющаяся - жер бетіне жабысып өсетін). Арша ағашы орта есеппен 300-700 жыл жасайды.
Бұл ағаштың тамыр жүйелері мықты, олар жан-жағына 30 метрге дейін таралып топырақты сақтайды, жердің беткі қабатының жылжуына, көшкін мен селге жол бермейді.
Арша ағашының бөрікбасы, бұталар мен жапырақтары күннің соңынан сағаттың айналу жылжу бағыты бойынша үнемі бұрылады да, ағаштың діңі сол бағытта бұралған болып келеді.

29 1 29 1 29 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.