Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Ұлттық парктің Төлеби,Өгем филиалдарында тұрмыстық қалдықтарды жинап,арнайы палигонға шығару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Айналым инспекторлары табиғат тазалығын сақтау мақсатында күнделікті тазалық жұмыстарын атқарып келеді. Алайда кейбір демалушылардың қоқысты өзімен алып кетпеуі-атқарылған адал еңбектің нәтижесін жоққа шығаруда Табиғатты таза сақтау-баршамызға ортақ міндет!Демалған орныңызды таза қалдырып,қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайық!

Қарақұрт еліміздің оңтүстік аудандарында көп мекендейді. Қарақұрт (лат. Latrodectus tredecimguttatus) - улы  өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Көздері күндізде түндеде бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салады, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді. Өрмектен жасалған піләдағы, (5-12) жұмыртқалары, (1200-2000) қыстап, көктемде жас қарақұрттар шығып, 6 рет түлеп, маусымда толық жетілген ұрғашы қарақұрттарға айналады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде өлімге дейін жеткізеді. 

Денесі шағын (ұрғашысының тұрқы 10 – 20 мм, еркегі 4 – 7 мм), түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100 – 700 жұмыртқа салып, оларды пілләсімен қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы сәуірде жан-жаққа тарайды. Әсіресе ұрғашы Қарақұрттың уы адам мен малға өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Ол шаққан кезде адамның бүкіл тұла бойы ауырады, аяқ- қол еттері тартылады, қалтырап-дірілдеп тоңғандай болады да артынша денесінің ыстығы көтеріледі, ісініп терлейді. Қатты терлеп, ентігеді, дем алысы нашарлайды. Өкпесі ісінеді, жүрек соғысы жиілейді, тамыр соғысы әлсірейді, көзінің қарашығы үлкейеді. Сілекейі шұбырып, тілі аузына сыймайды. Көзінен жас ағады. Қан қысымы көтеріледі.  Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ Қарақұрт шаққан жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп жіберу керек.

 

image 23 05 26 10 21

ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 20 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалына қарасты Балықты көл демалыс орнында ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Шымкент медицина университетінің 4 курс студенттері — болашақ дәрігерлер мен парк қызметкерлері қатысып, көл жағалауы мен демалыс орындарын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, Балықты көл маңындағы бұлақ көздері ашылып, айналасы ретке келтірілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың басты міндеті. Табиғатқа жанашырлық танытып, демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл шараның маңызы зор. Көл жағалауында жиналған тұрмыстық қалдықтар су бетіне түсіп, тастар мен ағаш түптеріне жиналып, табиғат тазалығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамның мәдениеті мен табиғатқа деген жанашырлығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Табиғатты таза сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #СайрамӨгем #ТабиғаттыАяла #Экология #Тазалық #БалықтыКөл

 

Таза табиғат – болашақ ұрпаққа аманат. Әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға жауапты. Табиғатты аялау – туған жерге деген құрметтің белгісі. Қоқысты бей-берекет тастамай, айналамызды таза ұстасақ, еліміздің көркі арта түседі. Тазалық – мәдениеттің айнасы. Сондықтан әрқайсымыз тазалықты өзімізден бастап, табиғатты қорғауға үлес қосайық! Табиғат сүйер қауым,елім-жерім дейтін саналы ұрпақ,болашақ үшін жақсылық жасап жарысайық,өз қоқысыңды өзіңмен ала кет!!!

  

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.