Түркістан облысы, 2026 жылғы 20 маусым Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налібаевтың төрағалығымен «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында экологиялық туризмді дамыту мәселелері бойынша алғашқы көшпелі кеңес өтті. Жұмыс сапарына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Кәрімов Айдын, салалық мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Сапар барысында қатысушылар ұлттық парк аумағында экологиялық туризмді дамытуға және заманауи туристік инфрақұрылым құруға бағытталған перспективалы инвестициялық учаскелермен және жобалармен танысты.










