Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғаттың қайталанбас сұлулығын, асқар таулар мен мөлдір өзендерді, көркем шатқалдар мен жасыл ормандарды бір арнаға тоғыстырған ғажайып мекен. Мұнда әрбір мезгілдің өзіндік ерекше көркі бар. Көктемде алқаптар құлпырып, жазда табиғат жасыл желекке оранады. Ал биік таулар мен таза ауа, сыңғырлаған бұлақтар мен көркем табиғат келушілерге ерекше әсер сыйлайды. Табиғат – бізге берілген баға жетпес байлық. Оның әсемдігін сақтап, табиғи байлығын келер ұрпаққа аманат ету – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Сайрам-Өгем – әсем табиғаттың мекені! #СайрамӨгем #ҰлттықПарк #ӘсемТабиғат #ТабиғаттыАяла #ҚазақстанТабиғаты #Экотуризм #ТазаҚазақстан











