
ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және “Парктер шеруі -2026” табиғат қорғау акция аясында 3 сәуір күні ұлттық парктің Төлеби филиалы Сайрамсу шатқалында дирекция,Төлеби, Өгем филиалдарының қызметкерлері бірлесіп бұлақ көзін тазалау мен демалыс орындарында өткізілген тазалық іс-шарасына БАҚ-нан “Turkistan tv” телеарнасы қатысып, телеакөрсетілім жарияланды
2026 жылдың 6 сәуір күні «Парктер шеруі - 2026» табиғат қорғау акциясы аясында «Мирас» университетінің Құқықтану мамандық студенттері мен профессор оқытушылар құрамына ұлттық парк қызметкерлері “Таза табиғат - жарқын келешек” тақырыбындағы танымдық таныстыру сабағы өткізілді. Танымдық кездесу барысында мамандар жастарға Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, туристік бағыттар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ғылыми жұмыстар және өрт қауіпсіздігі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар «Парктер шеруі» акциясының маңызы түсіндіріліп, студенттер алдағы іс-шараларға қатысуға және Ұлттық паркпен тығыз байланыста болуға шақырылды.
3 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасының аясында Төлеби ауданындағы «Төлеби» жалпы орта білім беретін мектебінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры А.Тиленов, бас директорының орынбасары Б.Айнабеков қазіргі таңда республика аумағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық іс-шарасы жөнінде оқушылырға кеңінен мағлұмат берді. Ол елдегі қоршаған ортаны жақсартуға, табиғатты қорғауға, және халықтың экологиялық мәдениетін артыруға бағытталған.