Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2026 жылдың 5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түлкібас ауданының Орталық саябағында «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясының қорытынды іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді.
 
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған шараға 200-ден астам адам қатысып, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары мен ұстаздары, экологиялық ұйымдардың тәрбиеленушілері және ұлттық парк қызметкерлері бас қосты.
 
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, қатысушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Жастар ән шырқап, би билеп, көркем сөз оқып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін өнер арқылы жеткізді.
 
Екі айдан астам уақытқа созылған «Парктер шеруі – 2026» акциясына белсенді қатысқан білім беру мекемелері мен ұйымдар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларға ұлттық парк туралы ақпараттық материалдар таратылды.
 
Іс-шара соңында орталық саябаққа жас ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Авторы: Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экологиялық ағарту инженері- Қ.Бердиева 
 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.