Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Тарихи ескерткіштер – бұл маңызды мәдени, тарихи және сәулеттік құндылығы бар нысандар.

Ескерткіштер ұлттың мұрасын білдіреді, оларды сақтау -  мәдени әртүрлілікті сақтау және дамыту үшін өте маңызды.

Тарихи ескерткіштер, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін білім беру және шабыт құралы ретінде қызмет етеді, оларға өткенге көз жүгіртуге және олардың қазіргі және болашақ туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осындай маңызды нысандар облысымыздағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында да кездеседі.

Дегенмен, еліміздегі вандализм мәселесі өте кең ауқымға ие болуда.

Вандализм – кез келген материалдық құндылықтарды, соның ішінде ақпаратты қасақана жою.

Өткен жылдың өзінде елімізде тарихи-мәдени мұра нысандарына түрлі суреттер мен жазулар салу, плакаттар, азғындық мазмұнының фотсуреттерін ілу, боялармен, кірлермен ластау т.б. сияқты мыңнан астам факт тіркелген. 

Өз кезегінде, мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен, қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорғалған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 294-бабына сай қылмыстық жаза қарастырылған. Сондықтан, қоғамның бірегей ерекшелігін сақтауға ықпал ететін тарихи-мәдени объектілерге қиянат жасалмауы тиіс.  

Сіз бен біздің міндетіміз – тарихи бай мәдени мұрамызды сақтап, оны зерделеп, келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру.

1

25.06.2024ж. күні кезекті №4  ғылыми-техникалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Парктер шеруі-2024» табиғат қорғау акциясының қорытындысы.
2. Құстар мен жабайы жануарларға жүргізілген көктемгі санақ жұмыстарының қорытындысы.
3. Орманды өрттен қорғау шараларының орындалу барысы.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жұмыстарының орындалуы.
5. Ақылы қызмет бойынша түскен қаржы жайлы филиал басшыларының есебі. 
6. Ұлттық парк мекемесінің кәсіподақ  комитеті жұмыс барысы туралы 6 айлық есебі. (қызметкерлерді марапаттау, лауазым жоғарылатуға ұсыныстар, тәртіптік жазаны шешу, курорттық демалыстарды ұйымдастыру, қызметкерлердің өтінішін қарастыру).
7. Ғылыми-техникалық кеңес құрамын өзгерту.
8. Әртүрлі мәселелер.
image 27 06 24 11 37 1image 27 06 24 11 37 2image 27 06 24 11 37

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.