ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес ел аумағында өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2026 жылдың 18 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалының Машат шатқалында кең көлемді тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға парк қызметкерлері, Түркістан көпсалалы агроколледжі студенттері мен оқытушысы қатысып, демалыс орындары мен ұлттық паркке кіреберіс аумақты қоқыстардан тазартты. Ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық студент пен ұстаз белсенді атсалысты. Тазалық шарасының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және парк аумағындағы демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсарту. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, табиғат тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Өкінішке қарай, кейбір демалушылар өздерінен кейін тұрмыстық қалдықтарын жинамай қалдырып жатады. Өзен бойында шашылған пластикалық бөтелкелер, қағаз қалдықтары мен тағам қалдықтары табиғат көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Әр адам демалыстан кейін өз қоқысын жинап кетуді әдетке айналдырса,табиғатымыздың әсем келбеті сақталып, келесі демалушыларға да жағымды орта қалыптасады










