Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 20 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалына қарасты Балықты көл демалыс орнында ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Шымкент медицина университетінің 4 курс студенттері — болашақ дәрігерлер мен парк қызметкерлері қатысып, көл жағалауы мен демалыс орындарын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, Балықты көл маңындағы бұлақ көздері ашылып, айналасы ретке келтірілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың басты міндеті. Табиғатқа жанашырлық танытып, демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл шараның маңызы зор. Көл жағалауында жиналған тұрмыстық қалдықтар су бетіне түсіп, тастар мен ағаш түптеріне жиналып, табиғат тазалығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамның мәдениеті мен табиғатқа деген жанашырлығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Табиғатты таза сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #СайрамӨгем #ТабиғаттыАяла #Экология #Тазалық #БалықтыКөл

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.