Флора
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің технико-экономикалық негіздемесі мен әдебиеттердегі мәліметтер бойынша Ұлттық парктің территориясында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 102 тұқымдас пен 539 туыстан тұратын 1635 түрі кездеседі. Таксономиялық құрылымы Орталық Азия тауының флорасына типтес (Камелин, 1973, 1979), яғни 15 негізгі ірі тұқымдастардың өзі бүкіл флораның 75% және құрамында 10 – нан жоғары түрлерден тұратын ірі туыстар 92% эндемді түрлерді құрайды. Жалпы флораның 62 түрі ҚР Қызыл кітабына енген, ал сирек және жойылып бара жатқан түрлер саны – 67. Эндемді түрлердің саны - 204. Батыс Тянь-Шанның сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктері әлі жете зерттелмеген. 2003 жылы Орталық-Азия трансшекаралық Батыс Тянь-Шанның биоалуантүрлілігін сақтау жобасының шеңберінде бір топ ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерімен зерттелген. Сол кездегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет Қазақстанға жаңа бес түр, бүкіл Тянь-Шанға жаңа екі түр табылды.
Парктің флорасы эндемизмнің жоғары сипатында. Сайрам-Өгем МҰТП-нің территориясында және оған жақын аумақта 20 эндемдік туыс кездеседі (64 туысы таулы Орталық Азияның өкілдері болып табылады).
Фауна
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін 59 түр сүтқоректілер (Мұның ішінде кеміргіштер отрядынан -22 түрі, Жарқанаттылардан -14, Жыртқыштардан -14, Қос тұяқтылардан -5, Насекомдардан- 2, Қоян тәрізділерден -2 түр) мен 300 түр құстар мекендейді. Оның ішінде сүтқоректілерден 10 түр, құстардан 30 түр Қызыл кітапқа енген. Ал 22 түр құстардан, 14 түр сүтқоректілерден индикаторлық түрлерге жатады. Аймақта сүтқоректілердің шаруашылық маңызы бар мына түрлері тіршілік жасайды: түлкі (Vulpes), қарсақ (Vulpes corsac), қасқыр (Canis lupus), шиебөрі ( Canis aureus), ақкіс (Mustela ermineo), ақ қалақ (Mustela nivalis), сасық күзен (Mustela eversmanni), борсық (Meles meles), тарғыл мысық (Felis lybica), ұзынқұйрықты суыр (Marmota caudate), сарышұнақ (Sperimophilus fulvus) су тышқан (Ondatra zibethica), құм қоян (Lepus tolai).
Құстар
Паркте құстардың 300- ге жуық түрі бар. Оның ішінде ұялайтыны – 124, қалғандары ұшып өтетіндер және қоныс аударатындар. Қазақстанның Қызыл кітабына 30 түрі енген.
Балықтар
Балықтардың фаунасы қазіргі таңға аз зерделенген. Парктің аумағы үшін типтік түрі – кәдімгі қарабалық (Schisothorax intermedius) және жалаңаш осман (көкбас балық) (Diptychus dubowskii). Өгем өзенінде форельдің аз саны кездесті, сонымен қатар Арыс өзенінде сазан кездеседі.
Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар
Паркте бауырмен жорғалаушылардің 12 түрі мен Қазақстанның Қызыл кітабына енген 2 түрі және қосмекенділердің 2 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген 1 түрі кездеседі, бұл осы топқа жататын аймақтық фаунаның 70 пайыздан артығын құрайды.
Омыртқасыз жануарлар
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2006 жылдан бастап жүргізілген зерттеулер нәтижесінде омыртқасыз жануарлардың 15 отрядынан 349 түрлері анықталды. 2010 жылы тағы да толықтырылады.
Сайрам-Өгем МҰТП-ның аумағында кездесетін омыртқасыз жануарлар
Топтары мен түрлер |
Түрлердің саны |
Түсіндірме |
Жәндіктер (бунақденелілер) |
түрлер |
|
Қаттықанаттылар |
57 |
|
Қабыршаққанаттылар |
25 |
|
Қосқанаттылар |
28 |
|
Жарғаққанаттылар |
43 |
|
Турақанаттылар |
34 |
|
Жартылай қаттықанаттылар |
120 |
|
Торқанаттылар |
4 |
|
Теңқанаттылар |
7 |
|
Инеліктер |
24 |
|
Дәуіттер |
2 |
|
Қабықша қанаттылар |
2 |
|
Таяқшалар |
1 |
|
Күндіктер |
1 |
|
Весняки |
1 |
|
ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлері |
2 |
|
Қысқа қанатты боливария |
|
|
Ағаш дәуіті Hierodula tenuidentata |
|
|
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.
№1 бағыт –Мақпал көлі.
Қозғалыс түрі – атпен, бағыттағы негізгі пунктер Өгем кордонының жотасы, Өгем - жол жөнекей Диірменбастау шатқалы. Бағыт ұзақтығы – 45 км.
№2 бағыт –Сусіңген көлі.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: Өгем кордоны – Өгем – өз. – Айғыржыққан өз. Жаужүрек асуы–Ақкөйлек шатқалы – Тогытба асуы. Бағыт ұзақтығы - 31 км.
№3 бағыт – Сазан ата өзенінің петроглифтері.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу өзен - Сазаната жылғасы - Сілбілі көлі. Сазан ата бастауы. Бағыт ұзақтығы -12 км.
№4 бағыт - Сайрамсу көлі.
Қозғалыс түрі – жаяу. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі – Сайрамсу өз.- Кырчищлы –жылғасы, Көпжайлау – жылғасы, Сайрамсу көлі. Бағыт ұзақтығы -14 км.
№5 бағыт –Сарыайғыр өзені–Сусіңген көлі - «Южная» туристік базасы.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: Сарыайғыр өзенінің кордоны –Сарыайғыр өз.– Мыңжылқы шатқалы–Тікенек – асуы, Ақбұрхан – өз., Ұлыжұрт – асуы, Кішіжұрт – асуы, Қырыққыз – шатқалы, Бадам өз. – Бадам кордоны. Бағыт ұзақтығы -72 км.
№6 бағыт –Бозторғай өзені.
Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: Боралдай тауы –Көкбұлақ кордоны - Бозторғай өзені. Бағыт ұзақтығы -72 км.
№7 бағыт– Владислав шыңы.
Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу - өз., Көпжайлау өз. (жабайы альпинистер шатқалы) –Снежный асуы (3350 м), Владислав шыңы (3632). Бағыт ұзақтығы -30 км.
№ 8 Маршрут- «Қасқасу өзендері» Сусінген көлі. Қозғалыстың түрі –жаяу жүру, салт атты. Негізгі географиялық пунктердің атауы- Қасқасу өзені, кордон Қасақасу, Қыржалсай өзені,Қыржалсай асуы, Үшқарасай көлі, Сусінген көлдері.(қайтар жолмен санағанда) Маршруттың ұзындығы- 32 км.
№ 9 Маршрут- «Сарыайғыр өзені бойындағы шатқал». Қозғалыстың түрі –жаяу жүру. Негізгі географиялық пунктердің атауы- Сарыайғыр өзенінің төменгі сағасындағы көпір, Ұлар – өзені Сарыайғыр өзенінің орта сағасындағы сарқырамалар.(қайтар жолмен санағанда) Маршруттың ұзындығы- 13 км.
№ 10 Маршрут- «Құс базары» . Қозғалыстың түрі –жаяу жүру. Негізгі географиялық пунктердің атауы- Машат шатқалындағы бақылау бекетінен, Машат өзені жағасындағы ағаштарда Машат өзені бойында мекен ететін құстар аумағы.(қайтар жолмен санағанда) Маршруттың ұзындығы- 7 км.
№11 Маршрут «Ушбастобе ескі қонысы
Қозғалыс жасау түрі жаяу,аттылы,маусымдық,жеке және топтық,42км (қайтар жолды да есептегенде) Бағыттың пайдалану мерзімі маусым-қыркүйек
Парктің құрамында төмендегі 6 құрылымдық бөлім және үш филиал бар:
1. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі: табиғи-қорық қорының нысандарының қозғалысын зерттеп және түгендеу жұмыстарын жүогізеді, қоршаған ортаның жағдайына болжап жасайды, қорғаудың ғылыми негізделген шараларын әзірлейді. «Табиғат жылнамасын» құрастырады.
2. Табиғи кешендерді қорғау бөлімі: парки аумағын күзетуді қамтамасыз ету, белгіленген тәртіптің жүзеге асыруын және сол тәртәптәң бұзылуын қадағалайды. Рейдтер жүргізіп, басқа табиғат қорғау мекемелерімен жұмыс жүргізеді.
3. Экологиялық ағарту және туризм бөлімі: экологиялық ағарту жөнінде бұқаралықақпарат құралдарымен жұмысты, жарнама баспа жұмысын, мұражайлық жұмысты, экологиялық экскурсия және танымдық туризм, онда білім беру мүшелері мен мұғалімдік корпустармен өзара іс-әрекеттер шараларын ұйымдастырады.
4. Орманды қоғау мен өсімін молайту бөлімі: орманды молайту мен қорғау жөніндегі бағдарламаға қатысады. Орман қорын пайдалануды, қорғауды қадағалайды. Экологиялық жүйені бақылап, «Табиғат жылнамасын» құруға қатысады.
5. Жануарлар әлемін молайту бөлімі: жануарлар әлемінің қорын қорғау және молайтуды қамтамасыз етеді. Жабайы аңдардың санағына есеп жүргізеді. Жануарлар әлемін молайту жұмыстарын жүзеге асырады.
6. Қаржы және ұйымдастыру бөлімі: бухгалтерлік есепті, қаржы және ұйымдастыру жұмыстарын жүогізеді.
Жедел басқаруды және күнделікті басқаруды жүзеге асыру үшін парк құрамында үш филиал құрылған (Төлеби филиалы-жер көлемі 45509 га, Түлкібас филиалы-жер көлемі 26971 га, Өгем филиалы-жер көлемі 76573 га).