Қозғалыс түрі – жаяу. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі – Сайрамсу өз.- Кырчищлы –жылғасы, Көпжайлау – жылғасы, Сайрамсу көлі. Бағыт ұзақтығы -14 км.
Жол Шымкент қаласынан басталып «Альтекс» кемпингіне дейін (78км) автобуспен шамамен 2 сағаттық жолды қамтиды, сондықтан қаладан кетуді таңғы сағат 8-ден кешіктірмей жүзеге асырған жөн. Бағыт «Альтекс» тур кешенінен басталады және Сайрамсу өзенінің кең әрі көрікті шатқалы арқылы өтеді. Оңтүстік шығыста Сайрам шыңының (теңіз деңгейінен 4238м.) ақ ұшар басы мұндалап тұр. Тур кешенінен жоғары соқпақ жол алдымен өзеннің сол жақ, кейін оң жақ жағалауымен жалғасып жатыр. Бір сағаттан кейін Қырғилы жылғасын кесіп өтеміз. Енді жол Сайрамсудың оң жағалауымен оңтүстік-батыс бағытына апарады. Шатқалдың солтүстік және шығыс беткейінде әдемі арша ормандары, өзен қуысында қалың қайың орманы. 1 сағат жүрген соң Қапжайлау жылғасын кесіп өтеміз, асуға келіп тоқтаймыз. Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарынан өтеді. 2 сағаттық қиын емес көтерілу және соқпан жол көлге әкеледі. Сайрамсу көлі үлкен емес қазаншұңқырда өзен көздерінде теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Өзен аумағы шамамен 350 ш.м. Аса терең емес және судың мөлдірлігі түбін көруге мүмкіндік береді. Оңтүстік бөлігінде көлді толықтырып тұратын суық көздерінің ағыны бар. Көлдің батыс бөлігі қалың ашық жасыл түсті өсімдікпен жабылған.
Қарақаттың ірі түптері мен алуан түрлі гүлдер демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. Үш сағаттық демалу мен түстенуден (қалағандары өзеннің жоғары жағына шыға алады) кейін көтерілген жолмен төмен түсеміз.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу өзен - Сазаната жылғасы - Сілбілі көлі. Сазан ата бастауы. Бағыт ұзақтығы -12 км.
Жол Шымкент қаласынан «Альтекс» СТФ кемпингіне дейін (78 км ) автобуспен шамамен 2 сағаттық жол. Сондықтан кейін қайту жолын таңғы сағат 8 –ден кешіктірмей жүзеге асыру керек.
Бағыт «Альтекс» туркешенінен басталып Сазаната өзенінің кең әрі әсем шатқалының бойымен жалғасады. Тур кешеніне жоғары орналасқан соқпақ жол өзеннің оң жағасымен жалғасады. 1 сағат 40 минуттан кейін Сазан өзенінің екі жоғары тармағының қосылған жеріне келеміз. Шатқалдың солтүстік беткейінде керемет арша орманы, өзен қойнауында қалың қайың орманы өседі.
Аздап демалып қозғалысты оң жағадағы сол тармақ бойымен 35-40 минут жалғастырамыз. Өзенді каньонға 100 м қалғанда кесіп өтеміз. Енді соқпақ жол оңтүстік –шағыс бағытта сол жағалау бойымен жалғасады. 2,5 сағаттан кейін Сілбілі көліне келеміз. Қысқа асуға келіп тоқтаймыз.
Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарымен өтеді. Оңтүстік бағыттағы жарты сағаттық қозғалыс пен соқпақ дол Сазаната өзенінің оң жақ тармағының жоғарғы жағындағы үлкен бивачная алаңына әкеледі. Осында түнеуге қаламыз.
Петроглиф тобы алаңнан 15 минуттық жүретін жерде. Жылғаның сол жағасында тұр. Аңдар суреті қара тастардың тегіс жағына салынған. Петроглифтерді қарап, фотосуретке түсіру уақытында абай болған жөн, себебі тастар қозғалмалы әрі сырғанақ.
Келесі күні көтерілген жолмен кейін түсеміз.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: Өгем кордоны – Өгем – өз. – Айғыржыққан өз. Жаужүрек асуы–Ақкөйлек шатқалы – Тогытба асуы. Бағыт ұзақтығы - 31
Бағыт Өгем кордонынан басталып, Қаржантау жотасының оңтүстік бойымен Өгем өзенінің оң жағымен Көкбел (1600м) Жаужүрек (1780м) және Тоғытба (2060м) асулары арқылы өтеді. 1 сағат 40 минуттан кейін соқпақ жол Айғыржыққан өзені арқылы өткелге жақындайды. Өзен қатты ағысты, күннің екінші жартысында су ұсақ тастарды ағынмен тасиды, сондықтан өткелді сақтандыру арқанымен таңғы уақытта өткен жөн. Бұдан әрі жол көрікті Жаужүрек шатқалының бойымен өтеді. Мұнда Өгемде кездесетін көптеген ағаш түрлері жайқалып өсуде: зеревшан және жартылай шарт тәрізді аршасы, Түркістандық арша (діңгек диаметрі 1,5 м.жетеді, ал жасы 1000 жыл) қайың, Сиверс алма ағашы, арша мен зерек бірге өскен долана орманы. Шатқалда доңыз, аю, елік пен кекілік кездеседі. Жаужүрек асуына кірер алдында соқпақ жол Мешіт тұрпаттына ұқсас жартас учаскесінің жанынан өтеді – осыдан Мешіттас атауы пайда болды.
Асудан кейін жарқыраған қарлы шыңдарымен Өгем және Қаржантау жотасының солтүстік –шығыс көрінісі ашылады. Бағыт солтүстік –шығыс бағытта Ақкөйлек шатқалы (мұнда демалып түстенуге тоқтау қажет) және Тоғытба асуы арқылы жалғасып, кейін солтүстікке Сусіңген көліне бұрылады. Бивачный алаңы көлдің оңтүстік бөлігінде арша арасында орналасқан.
Сусіңген көлі теңіз деңгейінен 1900 м биіктікте Қаржантау жотасының оңтүстік жағында орналасқан. Өзен аумағы 3,5 мың ш.м. Уақыт сайын ол тез тартылады, осыдан «Сусіңген» атауы пайда болған. Көлдің солтүстігінен бастап Құлыншақ тауы мен Қыржылсай асуының арасындағы үлкен аумақта орналасқан (2610 м) көптеген бұлақтарды өзіне қосып Сусіңген өзені құлап ағады. Бұлақ суын екі бұлақ өзенінен: көлдің батыс және солтүстік жағасынан алуға болады. Көлде дақты форель-осман балығы тіршілік етеді. Келесі күні аулау және көлдің шығыс жағындағы көрікті жылғаларды кеңінен аралау.
Үшінші күн келген жолмен Өгем ауылына қайту.
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі – ЕҚТА) атауы:
Сайрам-Өгем МҰТП
2. Маршруттың атауы:
« Құс базары»
3. Маршруттың жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүру;
2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: жеке және топтық;
4. Негізгі географиялық пункттердің атауы:
Машат шатқалындағы бақылау бекетінен – Машат өзені жағасындағы ағаштарда – Машат өзені бойында жартастарда мекен ететін құстар аумағы.
5. Маршруттың ұзындығы:
7 км (қайтар жолды да ескергенде), уақыт ұзақтығы барып қайтқанға 4 сағат 45минут (аялдамаларды ескере отырып).
6. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: мамыр – қыркүйек.
Маршрутқа күндізгі сағат 11-ден кешікпей Самал лагерінен шығу көзделген, бағыттың басталу нүктесі Самал лагерінің бақылау-өткізу бекеті.
Машат шатқалындағы балалар қауызынан өткеннен кейін Машат өзені бойындағы көпірден өтіп, өзен ағысына қарсы топырақ жолмен жоғары көтерілеміз. Өзенді бірнеше жерінен арнайы өткелдер арқылы кешіп өтіп, Машат өзенінің оң жағасына өтеміз. Өзеннің оң жағасы бойымен тапталған жолмен жоғары көтеріліп, бірінші жартасты жерге 30 минуттан соң жетеміз. Маршрут жартасты жоталар арқылы өзенге жақын жерден өтеді.
Машат өзені бойындағы шатқалдар өте әсем де көрікті орманмен көмкерілген,онда жаңғақ, долана,тау пісте, бөріқарақатты және итмұрын жеміс ағаштары, жаған ақ қайың кездеседі.
Шатқал құстар әлеміне бай. Жылдың әр мезгілінде көк қарға, дыр кептер, кәдімгі кептер, жапалақ, тау сүлукеші құстары, және саралқан кесіртке, құлақты кірпі, маринка балықтары сияқты жануарларды кездестіруге болады.
Екінші жартасты жерге 50 минуттан кейін жақындап, бұл жерге түскі тамақтану үшін тоқтап, аялдаған жерде өзен бойындағы әдемі сарқыраманы тамашалауға және суретке түсіруге болады �тап, аялдаған жерде өзен бойындағы әдемі сарқыраманы тамашалауға және суретке түсіруге болады.