Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу - өз., Көпжайлау өз. (жабайы альпинистер шатқалы) –Снежный асуы (3350 м), Владислав шыңы (3632). Бағыт ұзақтығы -30 км.
Бағыт Өгем жотасының орталық бөлігімен өтеді.
1 күн.
Шымкенттен Сайрамсу шатқалына СТФ «Альтекс» кемпингіне (71км) дейін шығамыз. Сайрамсу өзенінің жанындағы жақсы соқпақ жолымен жүріп, 2 сағаттан кейін Қапжайлау өзені – Сайрамсудың оң тармағына дейін жетеміз. Өзенге түспей солға бұрыламыз. Жолымыз шығысқа жабайы альпинистер шатқалында ағатын Қапжайлау өзенінің жоғары оң жағасының бойымен жалғасады. Көтерілуге кеткен 1,5 сағаттан кейін жанында суы бар біршама үлкен алаңға жақындаймыз («Жасыл қонақ үйі» деп аталады). Бұл жерде базалық лагерьді орнатамыз.
2 күн
Ертемен жолға шығамыз (өзімізбен бірге азын-аулақ тамақ, су немесе шаймен термос аламыз). Оң жағалаумен шамамен жарты сағат жүреміз, кейін сол жағалауға өтеміз. 35 минуттан кейін соқпақ жол Түркістан шыңы мен саланың оң иығына шығарады. Бұл жерден Снежный асуының орта тұсы мен оған келетін барлық жол жақсы көрінеді. Бір сағаттан соң асуда боламыз. Владивосток шыңы оңтүстік-шығыстан жақсы көрінеді және солтүстік – шығысы құламалы, ал оңтүстік-батыс тас плиталары шығыңқы ұсақ таспен жабылған тегіс құзды, үшкір басты шыңды елестетеді. Шыңға саланың оңтүстік –батыс беткейімен бел биіктігінің деңгейінде батыстағы тас плиталарын айнала қозғаламыз. Үйінді беткей тастарымен жүру қауіпті, топпен жүруді және жоғары бөлікті бақылауды талап етеді. Шыңында оңтүстік-батыс Тянь-Шань тауы – шатқал жотасы мен Шамған, Піскем таулары және Өгем жотасының көрінісі ашылады.
3 күн.
Күндіз Сайрамсу бойында серуендеу (қалаушылар жоғары өзендерге бара алады). Кешке «Альтекс» СТФ кемпингінен шығу.
Ұлттық паркпен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызмет үшін тарифтер Орман және аңшылық комитетінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген (қызмет атауы мен тарифтер теңгемен көрсетілген).
Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: Боралдай тауы –Көкбұлақ кордоны - Бозторғай өзені. Бағыт ұзақтығы -72 км.
Бағыт Боралдайтау жотасының оңтүстік – шығыс бөлігімен өтеді.
Бағыт Түлкібас ауданы Пістелі ауылына (71км) дейін, кейін 4 км Көкбұлақ өзенінің оң жағындағы ауыл жолының бойымен ұлттық парктің кордонына дейін жалғасады. Бағыт кордоннан басталып, Бозторғай жылғасымен солтүстік – шығыс бағытта. Бозторғай шатқалының экологиялық жүйесі – тамаша. Орташа биіктіктер, жоғары орта жылдық температура, құнарлы таулы-қоңыр топырақ және жеткілікті дымқылдық ағаштардың, бұталар мен шөптердің, оның ішінде эндемиялық өсімдіктердің көп көлемде өсуіне жағдай жасайды. Суы жер бетінде біресе көрінетін, біресе жоғалып кетіп жер астында ағатын жылға жанындағы жол бойымен қозғаламыз. Жылға жағаларына тау талы, Семенов үйеңкісі өскен. Кордоннан 2 км қашықтықта жабайы жүзімнің ерекше түрі өседі. Шатқал беткейлерін долана жауып тұрады, ал жылғаның екі жағынан нағыз пісте, Сиверс алмасы мен Регель алмұрты қалың болып өсіп тұр. Соқпақ жол арнаның біресе оң біресе сол жағамен жүре отырып 1,5 сағаттан кейін жартас астынан ағып тұрған көрікті жер салқын Қарабастау бұлағына әкеледі. Аялдама асуда. Бағыттың жоғары жағында кавказ қаңақасының саны ұлғаяды, ашық қызғылт-сары жемісті эфедра, қызыл шие және итмұрын бұталары кездеседі. Жарты сағаттан кейін негізгі шатқал шығысқа бұрылады. Бұл жерден Жамбыл облысының Алексеевка поселкесіне әкелетін асу жақысы көрінеді. Құздардың жоғары бөліктерінде жасыл аршалы, Қаратау арқары мен елігінің мекен ететін жері – беткейдің кең учаскелері. Жылғалардан жайра мен борсықтың жолдары жатыр. 1 сағат 15 минуттан кейін жылға шығатын жер. Жамабастау сайына қарсы орналасқан жазыққа шығамыз. Осында түстенуге тоқтаймыз. Түстен кейін жайра індері мен арқарларды сыртынан бақылау алаңдарына шығу. Кейін дәл сол жолмен қайту.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: Сарыайғыр өзенінің кордоны –Сарыайғыр өз.– Мыңжылқы шатқалы–Тікенек – асуы, Ақбұрхан – өз., Ұлыжұрт – асуы, Кішіжұрт – асуы, Қырыққыз – шатқалы, Бадам өз. – Бадам кордоны. Бағыт ұзақтығы -72 км.
Бүкіл жол Каржантау жотасының маңайында өтеді.
1 күн
Бағыт Төлеби ауданының Қасқасу ауылына дейін, кейін Сарыайғыр және Сайрамсу өзендерінің қосылған жеріне дейін 12 км тастақ жол. Ұлттық парктің кондонынан қозғалыс (1 сағат 40 минут) Сарыайғыр өзенінің бойымен оған келіп құятын Ұлар өзеніне дейін. Сарыайғырдың оң жағалауында күзгі уақытта аюлардың сүйіп тамақтанатын жері – ежелгі жеміс-жидек бағы. Бұдан әрі жол өзеннің сол жағалауымен жалғасады. Арша мен бұта өсімдіктері жүріп-тұруда едәуір қиындық тудырады. Қосылған екі жартас бойымен өтетін жолда жылдам әрі аттарды жетекте ұстап өту қажет. 2 сағат 20 минуттан кейін аршалы алаңқайға шығамыз. Жол альпілік шалғындар бойымен жалғасады. Көптеген Мензбира суыры, маңғаз тау ешкілерінің тобы жартастар арасында көз қуантады. 45 минуттан кейін шатқал тез оңға бұрылады. Бұрылыстан кейін ашық оң жағаға шығамыз, анық көрінетін соқпақ жолмен батысқа беттейміз. 1 сағат ішінде батыс бағытта Новичок асуының бұрылысына дейін батыс бағытта жүреміз және қонуға қаламыз.
2 күн.
Тікенек асуына жол ертемен Сарыайғыр өзені арқылы солтүстік батыстан өзенге құятын жылға бойының тік көтерілімімен басталады. 45 минуттан кейін жылғаның жоғары бөлігіндегі үлкен альпі шалғынына шығамыз. Оңтүстік – батыс бағытта пирамидалы құздың шығар есігі көрініп тұр. Тікенек асуына жолды құзды пирамиданы сол жағынан айнала өтіп, оңтүстік батысқа қарай жүзеге асыру керек. Қонған жерден асуға дейін көтерілетін жол шамамен 2 сағатты алады. Асудан оңтүстікке қарай Өгем жотасының көрікті жері ашылады, ал оңтүстік - батыста Бәйбіше шыңы (2891 м) жақсы көрінеді. Асудан төмен түсетін жол Тікенек өзенінің оң жағалауымен шамамен 3 км болады. Кейін өзен айналымында жылдам оңға солтүстікке бұрылу керек, үлкен емес салаға өтіп, Ақбұрқан жылғасының сайына түсіп, сала бойымен солтүстік батысқа сол жақ бұрылысқа дейін жүру керек. Солтүстіктен өзенге үлкен емес бұлақ келіп құйылады. Бұлақтың сол жағынан жол бойымен көтерілеміз, солға бұрылып, Қорымсай сайының сол жағымен солтүстік батыс бағытта төмен түсеміз. Қорымсай біртіндеп Шағыртас өзенінің шатқалына ауысады. Беткейде аршаны кездестіргенде түнеуге тоқтаймыз. Асудан түсу 3 сағат 20 минутты құрайды.
3 күн
Бағытта Шағыртас өзенінің сол жағалауымен жақсы тапталған соқпағымен жалғастырамыз, жол батысқа, яғни Шағыртас және Тоғытба өзендерінің жеріне бұрылады. 2,5 сағаттан кейін, оңтүстік-шығыста шағын жылға келіп құятын жерге келіп жақындаймыз. Айғыржыққан өзені күттеген жерде тартылады (судың көп бөлігі жер астындағы жолға келіп, Сусіңген көлінен 2 км төмен орналасқан Айғыржыққан өзеніне шығады). Көлге қарай жол асудан оң жағаға қарай басталады, әрі қарай өзен бойымен шамамен 1 км жоғары ағын бойымен, кейін соқпақ жол солтүстік-батысқа бұрылады және саланың орта бөлігіне жоғары қарай беттеледі. Орта тұсынан жол сайдың сол жақ жоғары бөлігіне жетелеп Сусіңген көлі Өгем және Қаржантау жоталарының әдемі келбеті ашылатын шың платасының шығу есігіне дейін әкеледі. Көлге келіп құятын өзенді кесіп өтеміз және оң жағалаумен түнейтін жер аршалыға жетеміз.
4 күн
Демалыс. Балық аулау (көлде дақты форель тіршілік етеді). Жылғаларға шығатын жол көлдің шығыс жағында.
5 күн
Ұлыжұрт асуына көтерілу аршаның оң жағынан жақсы жолмен солтүстік батысқа жалғасады. Үш сағаттан кейін, солымызда – Майлысай мен Қазақшұңқыр мен оң жағымызда – Бәйбішені артта қалдырып, Ұлыжұрт асуына шығамыз және асудағы жылғада тоқтаймыз. Бұдан әрі жоғарғы оң соқпақ жолмен, сол жағымызда Кішіжұрт тауын (2858 м) артта қалдырып, батысқа жылжимыз. Жол біртіндеп төменге түседі және 1,5 сағаттан кейін Бадам өзенінің басына әкеледі. 3,5 сағаттан кейін Қырыққыз шатқалына жақындаймыз. Мұнда құдық жанында түнеуге қаламыз.
6 күн.
Келесі күні Қырыққыз тауының сынықтарына шығуға бет аламыз.
«Южная» турабазысына түсу. Бадам өзені шатқалының сол жақ беткейінің жоғары бойымен өтеді және шамамен 2,5 сағатты алады.
Қозғалыс түрі – жаяу. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі – Сайрамсу өз.- Кырчищлы –жылғасы, Көпжайлау – жылғасы, Сайрамсу көлі. Бағыт ұзақтығы -14 км.
Жол Шымкент қаласынан басталып «Альтекс» кемпингіне дейін (78км) автобуспен шамамен 2 сағаттық жолды қамтиды, сондықтан қаладан кетуді таңғы сағат 8-ден кешіктірмей жүзеге асырған жөн. Бағыт «Альтекс» тур кешенінен басталады және Сайрамсу өзенінің кең әрі көрікті шатқалы арқылы өтеді. Оңтүстік шығыста Сайрам шыңының (теңіз деңгейінен 4238м.) ақ ұшар басы мұндалап тұр. Тур кешенінен жоғары соқпақ жол алдымен өзеннің сол жақ, кейін оң жақ жағалауымен жалғасып жатыр. Бір сағаттан кейін Қырғилы жылғасын кесіп өтеміз. Енді жол Сайрамсудың оң жағалауымен оңтүстік-батыс бағытына апарады. Шатқалдың солтүстік және шығыс беткейінде әдемі арша ормандары, өзен қуысында қалың қайың орманы. 1 сағат жүрген соң Қапжайлау жылғасын кесіп өтеміз, асуға келіп тоқтаймыз. Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарынан өтеді. 2 сағаттық қиын емес көтерілу және соқпан жол көлге әкеледі. Сайрамсу көлі үлкен емес қазаншұңқырда өзен көздерінде теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Өзен аумағы шамамен 350 ш.м. Аса терең емес және судың мөлдірлігі түбін көруге мүмкіндік береді. Оңтүстік бөлігінде көлді толықтырып тұратын суық көздерінің ағыны бар. Көлдің батыс бөлігі қалың ашық жасыл түсті өсімдікпен жабылған.
Қарақаттың ірі түптері мен алуан түрлі гүлдер демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. Үш сағаттық демалу мен түстенуден (қалағандары өзеннің жоғары жағына шыға алады) кейін көтерілген жолмен төмен түсеміз.