Сайрам-Угамский государственный
национальный природный парк

Қ/с

Аты-жөні, тегі

Қызметі

Басшылық

1

Сағадат Оразалыұлы Нүржігітов

Бас директор

2

Айнабеков Бакыт Токтасынович

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары – бас мемлекеттік инспектордың орынбасары

3 Ауенов Абзал Ауенович Бас директордың орынбасары 

Орман мен өсімдіктер дүниесінің өсімін молайту бөлімі.

4

 Қадыр Дәурен Рахимбердұлы!

Бөлім бастығы – аға мемлекеттік инспектор

5

Адилхан Самат Серикұлы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

6

Қанат Шәкәрім Мэлсұлы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

7

Жақып Айтуар Әсілханұлы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

Жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімі.

8

Танирбергенов Тлеукабыл Пердебаевич

Бөлім бастығы – аға мемлекеттік инспектор

9

Дилдабаева Айнур Нұраханқызы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

10

Абуов Жандос

Бас маман – мемлекеттік инспектор

11

Икрамханұлы Нұрғазы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі.

12

Женисбекулы Галымжан

Бөлім бастығы – аға мемлекеттік инспектор

13

Айдана Тасбулатова

Аға ғылыми қызметкер-мемлекеттік инспектор.

14

Усен Ғаламат Жомартұлы

Ғылыми қызметкер – мемлекеттік инспектор

15 Умирзакова Алима Аға ғылыми қызметкер – мемлекеттік инспектор

Экологиялық ағарту және туризм бөлімі.

16

Қалыбаев Қалжігіт Рахметуллаұлы

Бөлім бастығы – аға мемлекеттік инспектор

17

Бердиева Қарашаш Әбдіқасымқызы

Рекреация және туризм жөніндегі бас маман – мемлекеттік инспектор

18

 

Рекреация және туризм жөніндегі бас маман – мемлекеттік инспектор

19

Ережеп Жандос Еркебайұлы

Рекреация және туризм жөніндегі бас маман – мемлекеттік инспектор

20

Тағай Диана Ержанқызы

Экологиялық ағарту жөніндегі бас маман – мемлекеттік инспектор

21

Нұрханұлы Қуаныш

Экологиялық ағарту жөніндегі бас маман – мемлекеттік инспектор

22

Тастанбеков Ахат Бахытбекұлы

Экскурсовод – мемлекеттік инспектор

Табиғи кешендерді қорғау бөлімі.

23

Опабек Мейрамбек Азбердіұлы!

Бөлім бастығы – аға мемлекеттік инспектор

24

Кенжалы Ахмет Сыдықұлы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

25

Баданбаева Арайлым Султанкызы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

26

 Суйеубай Жандос Маратұлы

Бас маман – мемлекеттік инспектор

 

Ұлттық паркке қарасты мемлекеттік ботаникалық қаумалдар.

27

Баеекев Ауелхан Талипханұлы

Ақдала мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалын күзету үшін – мемлекеттік  инспектор

28

Иса Камилидин Нұрахметұлы

Жамбыл мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалын күзету үшін – мемлекеттік  инспектор

29

Асетов Дарын Молдаахметович

Задарья  мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалын күзету үшін – мемлекеттік  инспектор

30

Жұмабек Ергенгелді Мұмағалиұлы

Темір мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалын күзету үшін – мемлекеттік  инспектор

Қаржы және ұйымдастыру бөлімі

31

Айтбаева Гулбарам

Бөлім бастығы – бас есепші

32

Наримбетова Ляззат Кошкарбаевна

Бас маман – сатып алу жөніндегі экономист

33

Киикова Айжан Амантаевна

Бас маман – бас экономист

34

Асқар Азиза Алтайқызы

материалдық есепші

35

Жанконсова Айгерим Хулантуреевна

Бас маман – есепші

36

Касымбекова Ақтолқын

Хатшы – референт, іс жүргізуші

37

Ажибаев Сакен Кылышбекович

Бас маман – заңгер

38

Танкеев Ерлан Бақытжанұлы

Механик

39

Қалдықараева Айгул

Бас маман – кадр жөніндегі инспектор

Төлеби филиалы.

40

Тиленов Аман Алиайдарович

Директор – аға мемлекеттік инспектор

41

Оразқұлов Бекжан Сәрсенұлы

Бас орманшы – мемлекеттік инспектор

                                                                Өгем филиалы.

42

Тұрғанов Ерлан Рысбекұлы

Директор – аға мемлекеттік инспектор

43

Шораұлы Бейбіт Ғаниұлы

Бас орманшы - мемлекеттік инспектор

 

                                                  Түлкібас филиалы.

44

Кембаев Уласбек Мейірбекұлы

Директор – аға мемлекеттік инспектор

45

Көлбаев Ғани Жамалбекұлы

Бас орманшы – мемлекеттік инспектор

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркы


1

TOYOTA LAND CRUISER 100 VX

575 AC 17

2002

2

УАЗ ПАТРИОТ

303 AW 17

2019

3

MITSUBISHI PAJERO

903 AC 17

2008

4

LADA NIVA 21214

810 AK 13

2014

5

LADA NIVA 21214

264 AW 17

2020

6

LADA NIVA21214

824 AX 13

2017

7

Снегоход  STELS V 800

AAA 045 Y

2017

8

Снегоход  STELS V 800

ASD 690 X

2017

9

Снегоход  STELS S 600

ARD 112 X

2016

10

Снегоход  STELS S 600

ASD 691 X

2016

11

Снегоход  STELS S 600

AMD 421 X  -

2016

 

 Толеби филиал


1

УАЗ ПАТРИОТ ПИКАП

753 AB 17

2018

2

LADA NIVA 21214

382 AL 13

2014

3

Газель ГАЗ 322132

909 AD 17

2008

4

Самосвал ГАЗ-САЗ-2507

646 АЕ 17

2021

5

Пажарная ГАЗ-3305 АЦ-1

Х 814 ВХ

2006

6

Трактор Беларус 82.1

Х 426 АВЕ

2012

7

Универсальный пожарный полуприцеп УПП

Y 099 AAB

2021

8

Мотоцикл RACER RC-300-GY8X

32 AI 17

2021

Түлкібас филиал


1

LADA NIVA 21214

827 АХ 13

2017

2

Пажарная АЦ 2.3-40(33086)

995 AD 17

2019

3

Трактор Беларус 82.1

Х 124 ADE

2015

4

Прицеп тракторный самосвальный А3-8524. 003

025 XAMD

2016

5

УАЗ 390945-440

121 АР 13

2015

Өгем филиал


1

УАЗ ПАТРИОТ

808 AG 17

2019

2

УАЗ ПАТРИОТ

402 AY 13

2015

3

Пажарная АЦ 3.0 40 5313 5а

X 115 BZ

2006

4

Трактор Беларус 82.1

X 571 AMD

2010

5

Трактор Беларус 1221.2

X 719 AFE

2019

6

Фронтальный погрузчик SDLG LG953

Y150 AAB

2021

7

Универсальный пожарный полуприцеп УПП

Y 100 AAB

2021

8

Мотоцикл RACER RC-300-GY8X

34 AI 17

2021

9

Мотоцикл RACER RC-300-GY8X

30 AI 17

2021

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Государственный герб Республики Казахстан

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Государственный Флаг Республики Казахстан

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Аудиозапись Государственного Гимна Республики Казахстан

Аудиозапись Гимна РК (wav-файл 3,54 Мб)

 

 

 19 1

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 07.03.2024 жылғы №27-5/ 21 нқ бұйрығымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің бас директоры лауазымына Сағадат Оразалыұлы Нұржігітов тағайындалды.
Сағадат Оразалыұлы Нұржігітов - 1977 жылы 23 наурызда Талдықорған облысы Гвардия ауданының Көксу ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2003 жылы Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінде «Орман және бау-бақша шаруашылығы» мамандығын бітірген.
Еңбек жолдары:
1997-2002 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданындағы Бөрлітөбе орман аңшылық өндірістік кәсіпорнында орманшының көмекшісі, орманшы, бас орманшының м.а.
2002-2006 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданындағы Жоңғар орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орманшысы, директорының орынбасары.
2006-2019 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданындағы Алакөл орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2019-2024 жылдары Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында басшы орынбасары қызметтерін атқарған.
Үйленген, жұбайымен 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.

 

 

Айнабеков Бакыт Токтасынович

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары

 

image 15 08 24 06 07

Бас директордың орынбасары Ауенов Абзал Ауенұлы

Информация о туристских маршрутах
На территории парка разработаны 11 туристских маршрутов, паспорта которых утверждены Комитетом лесного хозяйства и животного мира от 1 апреля 2008 года №93.