Сайрам-Угамский государственный
национальный природный парк

Қозғалыс түрі - атпен және жаяу

Бағыттағы негізгі пунктер:Қырыққыз ескерткіші - тас үйінділері - Теректісай - Көбелектөбе қонысы - Азартеке - Жантекетөбе қонысы - Ушбастөбе қонысы - жалғыз тас қорғаны - Тасқоратөбе қонысы - Төрткүлтөбе қалашығы - Қалмақтөбе қонысы.

Бағыттың ұзындығы - 42 км (қайтар жолды да ескергенде).

Бағыттың пайдалану мерзімі: маусым - қыркүйек.

"Қырыққыз" жұмбақ тастар аумағындағы тас қорғандар мен қорымдарды темір дәуірінің соңғы кезеңіне (біздің дәуірдің 1 ғасыры мен біздің дәуірге дейінгі 3 ғасыр аралығы) және олар Оңтүстік Қазақстан өнірінде сол кезде өмір сүрген көшпенділердің зираттарына жатқызуға болады.

Ұзын жас қорғандар (белбеулер)

Бұл тас белдеулер темір дәуірінің соңғы кезеңіндегі аңшылыққа пайдаланылған болуы мүмкін.

Көбелектөбе қонысы

Бұл бекініс нысаны (Төрткүлтөбе сияқты) стратегиялық маңызды жерге орналасқан - жауға кедергі болып, Өгем өзенінің (Темірші) оңтүстік жағын қорғап тұр.

Теректісай шатқалындағы ертедегі

Тас ұсақтау (қашап пайдалану орны) кеніші.

Теректісай үңгірі

Теректісайдағы үңгір (тастарды ұсақтау орны сияқты) жоғарғы палеолит дәуірінен неолитқа дейінгі, яғни біздің эрамызға дейінгі 40 - 5 мың жылдар аралығына жатады.

Азартеке үңгірі

Азартеке үңгірі мен оның алдындағы алаңша ерте замандарда руда немесе темір балқыту өңдеу орны болған болуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады.

Жантекетөбеде тұрағы

Қызылтал ауылынан (Өгем ауылы) оңтүстік - батысқа қарай 2,34 км қашықтықта орналасқан тегістікте. Су жағалауының бойындағы Өгем өзені жағынан жердің тік биіктігі сияқты табиғи факторлары ескерілген ертедегі типтік тұрақ - қоныстарға жатады.

Ушбастөбе елді мекені

Қызылтал (Өгем) ауылының шығыс жағында 1,4 км қашықтықта орналасқан.Өгем өзенінің сол жағындағы өте биік жағалау тегістігінде, Көкбел ауылына жақын. Қоныс - қамал типіне жатады, қорғаныс жүйелері мықты дамыған.

Тасқаратөбе қонысы

Қызылтал (Өгем) ауылының солтүстік - шығыс жағына қарай 2,3 км қашықтақта.Өгем өзенінің асуына жақын жерде. Бір бөлікті қоныс - қорғандар тиісіне жатады, қорғаныстық жүйесі жақсы дамыған, барлық жағында тік құлама жартастар.

Төрткүлтөбе қаласы

Өгем өзенінің оң жағалауындағы тегістікте, Қызылтал (Өгем) ауылының солтүстік - шығыс жағында оңтүстік - шығысқа қарай созылған, оңтүстік - батыс жағы терең сайлар.

Қалмақтөбе қонысы

Қызылтал (Өгем) ауылының аумағында орналасқан.Топографиялық жағынан екі бөліктен тұратын ескерткіш: орталық дөнес қорған - төбе, оған оңтүстік жағынан тікбұрышты тегістік еніп тұр. Оңтүстік Қазақстан археологиясында мұндай нысандарды тегістіктегі төбе (Қорған төбе) деп атайды.

Информация о туристских маршрутах
На территории парка разработаны 11 туристских маршрутов, паспорта которых утверждены Комитетом лесного хозяйства и животного мира от 1 апреля 2008 года №93.