13-16 қыркүйек аралығында ұлттық парк аумағында Алматы қаласы "Ботаника және фитоинтродукция институты " мамандарының қатысуымен ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция құрамында сонымен қатар АҚШ және Ұлыбритания шетелдік мамандарда болды. Зерттеу жұмыстары ұлттық парктің Машат шатқалында Көкбұлақ, Бозторғай, Даубаба орман айналымында жүргізілді. Жұмыс барысында осы аумақтардың өсімдік жамылғысына мониторингтік бақылау жүргізілді, нәтижесінде флораның түрлік құрамы, таралу аймағы, популяциялық жағдайы және табиғи ортадағы жай күйі анықталды.