Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының бірі. Орманды алқаптар парк аумағының елеулі бөлігін қамтиды және олар биологиялық әртүрліліктің тірегі ретінде маңызды рөл атқарады. Алайда соңғы жылдары климаттың өзгеруі, антропогендік әсерлер мен табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы орман зиянкестерінің көбеюіне әкеліп соғуда. Осыған байланысты зиянкестерден қорғау шараларын ғылыми негізде жоспарлау мен жүзеге асыру өзекті мәселеге айналып отыр. Парк аумағында жиі кездесетін зиянкестер қатарына қабық жегіш қоңыздар (Ips typographus), жапырақ жегіш жәндіктер (Lymantria dispar) және түрлі саңырауқұлақ аурулары жатады. Ал қолданылатын іс-шаралар қатарына: мониторинг, санитарлық кесулер, биологиялық әдістер және химиялық өңдеу жатады. Мониторинг - феромон тұзақтары арқылы зиянкестердің таралуы бақыланады. Санитарлық кесулер - зақымдалған ағаштар дер кезінде жойылады. Биологиялық әдістер - экологиялық қауіпсіз биопрепараттар мен пайдалы жәндіктер пайдаланылады. Химиялық өңдеу - тек шектеулі жағдайларда және қатаң бақылаумен қолданылады. Орман зиянкестеріне қарсы күрес – экожүйелік тепе-теңдікті сақтау жолындағы маңызды бағыт. Сайрам-Өгем МҰТП аумағында кешенді, ғылыми негізделген әдістерді қолдану арқылы орман ресурстарының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.
 
Орман мен өсімдіктер дүниесінің өсімін молайту бөлімінің инженері: С.Адилхан
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.