Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Отряды – АЙЫР ТҰЯҚТЫЛАР (ARTIODACTYLA)
Тұқымдасы – ҚУЫС МҮЙІЗДІЛЕР (Bovidae)
Түрі – СІБІР ТАУ ЕШКІСІ (Capra(ibex) sibirica Pallas)
 
Бұл айыр тұяқты сүтқоректі аң ұлттық парктің Төлеби және Өгем филиалдары аумағында таралған. Тау ешкілер күзде, қыста, көктемде, тау жоталарының жоғарғы және төменгі белдеулерде кездессе, жаз мезгілінде биік таулы аймақтардың жоғарғы альпілік, супальпілік белдеулерінде мекендейді. 
Сібір тау ешкілері тау шыңдары мен тік жартастарды еркін бағындырып, экстремалды табиғат жағдайларына бейімделген.
 
2025 жылғы көктемгі жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы парк территориясынан шамамен 1464 дарақ тау ешкі саналды. Оның 506 аталық, 655аналық, 303 төлі. Бұның - Төлеби филиалы бойынша жалпы саны  561 дарақ тау ешкі, оның - 222 аталық, 232 аналық, 107 төлі. Өгем филиалы бойынша жалпы саны - 903 дарақ. Оның 284 аталық, 423 аналық, 196 төлі. Тау ешкілердің күйектену маусымы желтоқсан айында болады.
 
 
Жануарлар дүниесі өсімін молайту бөлімінің басшысы Т.Танирбергенов.
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.