Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Оңтүстік табиғатының інжу-маржаны «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің құрылғанына 18 жыл толды. Өлкеміздің әсем де, шуақты табиғатын сақтап, оны молайту және сол бір інжу-маржандай ерекше тау ормандарын келер ұрпаққа аманат ету – басты міндетіміз.
Тау табиғаты аясында нәр алып, қуат алып, демалуға келіңіздер!

26 1 26 1 26 1 26 1

Ұлттық парк дирекциясында 16-қаңтар күні ғылыми-техникалық кеңестің №1 отырысы өткізілді.

Қаралған мәселелер:

1. Ұлттық табиғи парктің және бөлімдердің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту және талдау.
2. Ғылыми техникалық кеңестің 2024 жылға арналған іс-жоспарын бекіту.
3. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ҒЗЖ бағдарламасы мен жоспарын, ҒЗЖ-ң күнтізбелік жоспарын бекіту.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруда 2024-2027жж арналған іс-шаралар жоспарын бекіту.
5. Әртүрлі мәселелер.

17 1 17 1 17 1 17 1

11.01.2024 ж Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Б.Әбдешов ұлттық парк жұмысымен танысып, алдағы уақытта түзілген жоспарға сәйкес бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті екенін білдірді. 

Айта кетер болсақ, 2023 жылы табиғат қорғау мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен, «Аманат» партиясы өкілдерімен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдері және шекара қызметкерлерімен бірлесіп 562 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде 45 заң бұзушылық (оның 44 әкімшілік құқық бұзушылық , 1 өрескел қылмыстық құқық бұзушылық) фактілері анықталған.

15 1 15 1

09.01.2024 ж ұлттық парк дирекциясында мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы өкілдерімен 2023 жылды қорытындылап, 2024 жылға жаңа құраммен жаңа жоспар құрылып жиналыс өткізілді. Нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұжымдық келісім шартына сәйкес, ұтымды бастамаларды алға қойып, алдағы уақытта кәсіподақ өкілдері жылына кемінде 2 рет есеп беріп, түрлі талдаулар жүргізуге келісті.

12-1 12-1 12-1 12-1

КОНКУРС жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
Барлық қатысушы мектеп орманшылықтары мүшелеріне өз алғысымызды білдіреміз!
Конкурсқа келген материалдар ұлттық парк биоалуантүрлілігі туралы қолөнер, сурет салу, өлең шумақтары бойынша анықталды.

29 1 29 1 29 1 29 1 29 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.