Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Грейг қызғалдағы – Қазақстан флорасының бағалы бөліктерінің бірі, еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген түр. Бұл жойылу қаупі бар өсімдіктердің бірі болып табылады. Грейг қызғалдағы Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, атап айтсақ, Шұбайқызыл шоқысында, Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек таулы аймақтарында өседі. Гүлдеу уақыты сәуір айынан мамыр айының бірінші он күндігі.  

Отандастарымыздың әдемі суреттер жасау мақсатында, қызғалдақтарды таптау фактілері, сонымен қатар сыйлау немесе жәй ғана көңіл көтеру үшін гүлдерді жұлу фактілері жыл сайын тіркеледі. Қызғалдақтар тұқым бермей тұрып жұлынғанының нәтижесінде популяциялардың табиғи жаңаруы бұзылады, сондай-ақ өсімдіктердің таралу аймағы азаяды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚК-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға

  • 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады;
  • түзеу жұмыстарына тартылады;
  • 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар қарастырылған;
  • Заң бұзушы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

                                                Ғылым,ақпарат және мониторинг  бөлімінің

                                                         аға ғылыми қызметкері А.Тасбулатова

2026 жылдың 26 наурызында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастыруымен дүниежүзілік Жер күніне орай «Парктер шеруі–2026» табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара Шымкент қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықаралық сипат алды.

Акция жоғары деңгейде өтті. 450-ге жуық студенттер, оқушылар, әскери колледж сарбаздары, қоғамдық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Шара саябақ алаңынан басталып, қатысушылардың жаппай шеруімен жалғасты.

«Парктер шеруі» жастарға экологиялық тәрбие беруде және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтіліп, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан ұлттық парк қызметкерлеріне алғыс білдірілді.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет!

#ПарктерШеруі2026 #ЖасылӘлем #ЖарқынБолашақ #ЖерКүні #SairamUgam #Шымкент

      

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі баршаңызды көктемнің жаңаруымен, береке мен бірліктің мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Табиғат түлеп, тіршілік жаңарған бұл ерекше сәт әр шаңыраққа амандық, ырыс пен қуаныш әкелсін!?

Көктемнің әрбір шуақты күні сіздерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап, жүректеріңізге жылулық пен үміт ұялатсын.
Ұлы мереке елге тыныштық, жерге құт, табиғатқа көрік әкелсін! Бірлік пен татулық салтанат құрған бұл күнде
әр отбасыға бақ-береке, молшылық пен шаттық тілейміз.
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Наурыз әрдайым игіліктің жаршысы болсын!?

 

Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды:

? 2022–2026 жж. ҒЗЖ аясындағы 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары бекітілді;
? «Табиғат жылнамасы – 2025» кітабы мақұлданып, бекітілді;
? 2026 жылға арналған «Парктер шеруі» іс-шарасы бекітілді;
? 2026 жылдың көктемінде филиалдарда орман екпе алқаптарын отырғызу жұмыстарының барысы қаралды;
? Өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарының тексеру қорытындысы тыңдалды.

? Қабылданған шешімдер табиғатты қорғау, ғылыми зерттеулерді дамыту және алдағы жоспарларды тиімді іске асыруға бағытталған.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.