
28-інші Наурыз күні Төлеби ауданындағы Қасқасу елді мекенінде өткізілген Жаңару күніне Ұлттық парктің бас директорының орынбасары Б. Айнабеков, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің инженерлері Е. Танкеев, М. Сағымбек, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Ғ. Усен және Төлеби филиалының қызметкерлері қатысты. Наурыз мейрамы — бұл жаңару, көктемнің келуі және жаңа жылдың басталуын білдіретін ерекше мереке. Сондықтан оны жиі «жаңару күні» деп атайды.
Айнабеков Бақыт Тоқтасынұлы елімізде өтіп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жөнінде айтып өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — бұл елімізде қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты тазартуға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ұлттық бастама.
Грейг қызғалдағы – Қазақстан флорасының бағалы бөліктерінің бірі, еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген түр. Бұл жойылу қаупі бар өсімдіктердің бірі болып табылады. Грейг қызғалдағы Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, атап айтсақ, Шұбайқызыл шоқысында, Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек таулы аймақтарында өседі. Гүлдеу уақыты сәуір айынан мамыр айының бірінші он күндігі.
Отандастарымыздың әдемі суреттер жасау мақсатында, қызғалдақтарды таптау фактілері, сонымен қатар сыйлау немесе жәй ғана көңіл көтеру үшін гүлдерді жұлу фактілері жыл сайын тіркеледі. Қызғалдақтар тұқым бермей тұрып жұлынғанының нәтижесінде популяциялардың табиғи жаңаруы бұзылады, сондай-ақ өсімдіктердің таралу аймағы азаяды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚК-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға
Ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің
аға ғылыми қызметкері А.Тасбулатова
2026 жылдың 26 наурызында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастыруымен дүниежүзілік Жер күніне орай «Парктер шеруі–2026» табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара Шымкент қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықаралық сипат алды.
Акция жоғары деңгейде өтті. 450-ге жуық студенттер, оқушылар, әскери колледж сарбаздары, қоғамдық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Шара саябақ алаңынан басталып, қатысушылардың жаппай шеруімен жалғасты.
«Парктер шеруі» жастарға экологиялық тәрбие беруде және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтіліп, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан ұлттық парк қызметкерлеріне алғыс білдірілді.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет!
#ПарктерШеруі2026 #ЖасылӘлем #ЖарқынБолашақ #ЖерКүні #SairamUgam #Шымкент
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі баршаңызды көктемнің жаңаруымен, береке мен бірліктің мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Табиғат түлеп, тіршілік жаңарған бұл ерекше сәт әр шаңыраққа амандық, ырыс пен қуаныш әкелсін!?
Көктемнің әрбір шуақты күні сіздерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап, жүректеріңізге жылулық пен үміт ұялатсын.
Ұлы мереке елге тыныштық, жерге құт, табиғатқа көрік әкелсін! Бірлік пен татулық салтанат құрған бұл күнде
әр отбасыға бақ-береке, молшылық пен шаттық тілейміз.
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Наурыз әрдайым игіліктің жаршысы болсын!?