Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Кауфман қызғалдағы – сирек кездесетін, ареалы қысқарып бара жатқан ерекше әрі жоғары сәндік өсімдік. Бұл түр 200-ден аса қызғалдақ сортының негізін қалаушы болып саналады.
 
Биіктігі 10–40 см болатын пиязшықты көпжылдық. Гүлі ірі, жалғыз, жұлдыз пішінді, кейде тостаған тәрізді болып келеді. Түстері алуан түрлі: сары, ақшыл, қызыл, күлгін реңктермен, кейде жолақтары бар ерекше көрініс береді.
 
Наурыз айының соңынан бастап гүлдеп, көктемнің әсем көркін ашады.
 
Талас Алатауы, Өгем және Қырғыз жоталарының батыс бөлігіндегі аршалы сирек ормандар арасында өседі.
 Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
 
Өкінішке қарай, адамдардың гүл шоқтарын жинауы әлі де кездеседі. Сондықтан бұл өсімдікті жұлуға, пиязшықтарын қазуға қатаң тыйым салынған.
 
Табиғаттың осындай нәзік сұлулығын бірге сақтайық!
#nationalpark #tulips #tulipakaufmanniana
 
 
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.