Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы – табиғаттағы сирек әрі әсерлі көріністердің бірі. Аталған аю түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауды қажет етеді. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлар санының біртіндеп артып келе жатқаны байқалады. Мұндай кадрлар жануарлардың табиғи мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік беріп, биоалуантүрлілікті сақтау жұмыстары үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, Тянь-Шань қоңыр аюы жыртқыш жануарлар қатарына жататынын ескерген жөн. Осыған байланысты ұлттық парк қызметкерлері келушілерге табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Бұл ақпарат табиғатты қорғау бағытындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында ұсынылады. Баршаңызды жабайы жануарларға құрметпен қарап, олардың табиғи тіршілігіне кедергі келтірмеуге шақырамыз.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.