Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көрікті орындарының бірі – Сілбелі көлі. Табиғаттың әсем үйлесімін паш ететін бұл көл мөлдір суымен, таза ауасымен және айналасын қоршаған таулы көрінісімен ерекшеленеді. Көл – табиғат аясында тынығып, қоршаған ортаның әсемдігін сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мекен. Мұнда келген әрбір жан табиғаттың тыныштығын сезініп, ерекше әсерге бөленеді. Табиғат – баршамызға ортақ қазына. Сондықтан Сілбелі көліне саяхат жасағанда: Қоқыс қалдырмаңыз; Отты тек рұқсат етілген орындарда жағыңыз; Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтірмеңіз; Табиғатты таза күйінде сақтауға өз үлесіңізді қосыңыз. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Келешек ұрпаққа саф табиғатты аманат ету – ортақ жауапкершілігіміз. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғатты танып, қорғауға шақырады! #СайрамӨгем #СілбеліКөлі #ҰлттықПарк #Экотуризм #ТабиғаттыАяла #ТазаҚазақстан #KazakhstanNature #EcoTourism #VisitTurkistan












