Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем филиалының қызметкерлері демалушылар арасында табиғатты қорғау және ұлттық парк аумағында өзін-өзі ұстау ережелері бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, келушілерге бағыт-бағдар беру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мақпал көлі туристік бағытына жаңа ақпараттық тақтайшалар жаңартылды. Табиғат – баршамызға ортақ қазына. Әрбір келушіні қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға және белгіленген ережелерді ұстануға шақырамыз. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі #СайрамӨгем #ҰлттықПарк #МақпалКөлі #Экотуризм #ТабиғаттыҚорғайық ТазаҚазақстан VisitSairamUgam EcoTourism KazakhstanNature











