27.02.2026 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Түркістан өңірінің ұлы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіндегі Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығы және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығына арналған «Табиғи ландшафттардың экологиялық маңызы және ұлы тұлғаның этнотуризмді дамытудағы орны» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға ұлттық парк пен қорық мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты: Табиғи ландшафтарды сақтау, этнотуризмді дамыту және тұрақты туризм бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми және тәжірибелік тәжірибе алмасу.
Семинарда қаралған негізгі мәселелердің бірі:
Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі рөлі және даму перспективалары.










