30.07.2026 ж. Төлеби филиалының Сайрамсу шатқалында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерімен бірлесіп демалушылар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында келушілерге шатқал аумағындағы өзен-көлдерде суға шомылуға болмайтыны, таулы өзендердің ағысы қатты әрі қауіпті екендігі түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Табиғат аясындағы демалыс – жауапкершілікті талап етеді. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтап, белгіленген талаптарды орындауға шақырамыз. #СайрамӨгем #ТөлебиФилиалы #Сайрамсу #Қауіпсіздік #СуғаШомылуғаБолмайды #ТЖМ #ТабиғаттыАялайық #Қазақстан











