Батыс Тянь-Шаньның баурайында орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – көздің жауын алатын әсем табиғатымен, асқар шыңдарымен, мөлдір өзен-көлдерімен және сан алуан өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен ерекшеленетін ерекше мекен. Мұнда әрбір қадам табиғаттың ғажайып сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді. Таза тау ауасы, сыңғырлаған бұлақтар, ну ормандар мен көркем шатқалдар табиғат сүйер әрбір жанға ұмытылмас әсер сыйлайды. Табиғат – баршамызға ортақ қазына. Оны қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз. Сайрам-Өгемнің сұлу табиғатын бірге сақтап, келер ұрпаққа аманат етейік! Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғатпен үндесудің ең көркем мекені. #СайрамӨгем #ҰлттықПарк #Табиғат #Қазақстан #Туризм Экотуризм БатысТяньШань SairamUgam Nature EcoTravel










