Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне кіретін басқару органдарының, күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңдегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ табиғи өрттер мен өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру. Іс-шара барысында күштер мен құралдарды басқару алгоритмдері, мүдделі қызметтердің өзара үйлесімді жұмысы, жедел ақпарат алмасу тәртібі пысықталып, шартты табиғи өртті сөндіру бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді.










