1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі – ЕҚТА) атауы:
Сайрам-Өгем МҰТП
2. Маршруттың атауы:
« Құс базары»
3. Маршруттың жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүру;
2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: жеке және топтық;
4. Негізгі географиялық пункттердің атауы:
Машат шатқалындағы бақылау бекетінен – Машат өзені жағасындағы ағаштарда – Машат өзені бойында жартастарда мекен ететін құстар аумағы.
5. Маршруттың ұзындығы:
7 км (қайтар жолды да ескергенде), уақыт ұзақтығы барып қайтқанға 4 сағат 45минут (аялдамаларды ескере отырып).
6. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: мамыр – қыркүйек.
Маршрутқа күндізгі сағат 11-ден кешікпей Самал лагерінен шығу көзделген, бағыттың басталу нүктесі Самал лагерінің бақылау-өткізу бекеті.
Машат шатқалындағы балалар қауызынан өткеннен кейін Машат өзені бойындағы көпірден өтіп, өзен ағысына қарсы топырақ жолмен жоғары көтерілеміз. Өзенді бірнеше жерінен арнайы өткелдер арқылы кешіп өтіп, Машат өзенінің оң жағасына өтеміз. Өзеннің оң жағасы бойымен тапталған жолмен жоғары көтеріліп, бірінші жартасты жерге 30 минуттан соң жетеміз. Маршрут жартасты жоталар арқылы өзенге жақын жерден өтеді.
Машат өзені бойындағы шатқалдар өте әсем де көрікті орманмен көмкерілген,онда жаңғақ, долана,тау пісте, бөріқарақатты және итмұрын жеміс ағаштары, жаған ақ қайың кездеседі.
Шатқал құстар әлеміне бай. Жылдың әр мезгілінде көк қарға, дыр кептер, кәдімгі кептер, жапалақ, тау сүлукеші құстары, және саралқан кесіртке, құлақты кірпі, маринка балықтары сияқты жануарларды кездестіруге болады.
Екінші жартасты жерге 50 минуттан кейін жақындап, бұл жерге түскі тамақтану үшін тоқтап, аялдаған жерде өзен бойындағы әдемі сарқыраманы тамашалауға және суретке түсіруге болады �тап, аялдаған жерде өзен бойындағы әдемі сарқыраманы тамашалауға және суретке түсіруге болады.
Қозғалыс түрі – атпен, бағыттағы негізгі пунктер Өгем кордонының жотасы, Өгем - жол жөнекей Диірменбастау шатқалы. Бағыт ұзақтығы – 45 км.
Мақпал көлі теңіз деңгейінен 2290 метр биіктігінде Өгем ауылынан 15 км қашықтықта терең Мақпалсай шатқалының жоғары бөлігінде Өгем жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Бағыт көпірден басталып Өгем өзені арқылы оңтүстік бағытта көрікті жер алмалы және өрікті бақтар, аршалы және сирек орманды донала арасымен өтеді. 2,5 сағаттан кейін соқпан жол шығысқа бұрылады. Диірменбастау шатқалына бұрылып, түстікке бұлақта тоқтаймыз. Бұдан әрі жол Диірменбастау шатқалының оң жақ түбі бойымен оңтүстік бағытта болады. Шатқал бауыры итмұрындықтармен жабылып тұр, Сиверс алма ағашы, арша мен зерек өсіп тұр. Саланың оң бөлігі мен жайлау алуан түрлі шөптермен жайқалған. Алуан түсті Кауфман қызғалдағы жиі кездеседі. 2000 м шатқал биіктігінде Қаржантау, Өгем жоталары мен Өгем өзенінің ерекше жазықтарының ерекше келбеті ашылады. Мұндағы бағыт Түркістан аршасының сирек тобы бар альпілік шалғын арасымен өтеді. Соқпақ жолда ең жылдам жәндік аңшысы Алайск кесірткесін кездестіруге болады. Бұдан әрі бағыт Азатерке шатқалының жоғарғы бөлігінің бойымен өтеді, ол шығысқа тігінен бұрылып, Жолаушы асуының (2790 м) тұйығында аяқталады. Өзенге түсетін жол қиын әрі ұзақ. Жолға кететін уақыт – 6 сағат.
Мақпал өзені терең жерде орналасқан. Өзеннің шығысы биік жартастармен жабылған, батыс бөлігі мықты тұйыққа тіреліп тұр, оңтүстік бөлігіне өзен құлап ағады, ал басты бөлігі – бұл сирек арша орманды кең альпілік шалғын. Көл аумағы шамамен 2000 шаршы метр, тереңдігі шамамен 15 м, суы мөлдір – көгілдір түсті, шілде-тамыз айларында су температурасы шағын жағажай орындарында 18 градусқа жетеді. Құзды учаске ортасында 50 метр биіктікте бұлақ көзі бар. Жағалаудың төменгі жағындағы жартаста үңгір бар. Мұндай табиғат үйлесімділігі жанды баурайды, ауада бүркіт қалықтап оңтүстік беткейде ұлар сайрайды, ал құз астындағы шалғын алаңда маңғаз тау ешкілері жайылып жүреді.
Келесін күн шатқал бойынан 4 км төмен орналасқан Қонжық көліне жол. Шағын ғана Қонжық көлі (150 ш.м.) –бұл талай уақыт шатқал түбін жауып жатқан жартас сынықтарының қоршауындағы нағыз оазис. Құнарлы шөп Максикович рауғашы, Пскем пиязы, жабайы алма, арша мен зерек осы жерге Тянь-Шаньдық аюды тартады.
Үшінші күн жоғарға көтерілетін бағытпен Өгем ауылына оралу.
Флора
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің технико-экономикалық негіздемесі мен әдебиеттердегі мәліметтер бойынша Ұлттық парктің территориясында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 102 тұқымдас пен 539 туыстан тұратын 1635 түрі кездеседі. Таксономиялық құрылымы Орталық Азия тауының флорасына типтес (Камелин, 1973, 1979), яғни 15 негізгі ірі тұқымдастардың өзі бүкіл флораның 75% және құрамында 10 – нан жоғары түрлерден тұратын ірі туыстар 92% эндемді түрлерді құрайды. Жалпы флораның 62 түрі ҚР Қызыл кітабына енген, ал сирек және жойылып бара жатқан түрлер саны – 67. Эндемді түрлердің саны - 204. Батыс Тянь-Шанның сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктері әлі жете зерттелмеген. 2003 жылы Орталық-Азия трансшекаралық Батыс Тянь-Шанның биоалуантүрлілігін сақтау жобасының шеңберінде бір топ ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерімен зерттелген. Сол кездегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет Қазақстанға жаңа бес түр, бүкіл Тянь-Шанға жаңа екі түр табылды.
Парктің флорасы эндемизмнің жоғары сипатында. Сайрам-Өгем МҰТП-нің территориясында және оған жақын аумақта 20 эндемдік туыс кездеседі (64 туысы таулы Орталық Азияның өкілдері болып табылады).
Фауна
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін 59 түр сүтқоректілер (Мұның ішінде кеміргіштер отрядынан -22 түрі, Жарқанаттылардан -14, Жыртқыштардан -14, Қос тұяқтылардан -5, Насекомдардан- 2, Қоян тәрізділерден -2 түр) мен 300 түр құстар мекендейді. Оның ішінде сүтқоректілерден 10 түр, құстардан 30 түр Қызыл кітапқа енген. Ал 22 түр құстардан, 14 түр сүтқоректілерден индикаторлық түрлерге жатады. Аймақта сүтқоректілердің шаруашылық маңызы бар мына түрлері тіршілік жасайды: түлкі (Vulpes), қарсақ (Vulpes corsac), қасқыр (Canis lupus), шиебөрі ( Canis aureus), ақкіс (Mustela ermineo), ақ қалақ (Mustela nivalis), сасық күзен (Mustela eversmanni), борсық (Meles meles), тарғыл мысық (Felis lybica), ұзынқұйрықты суыр (Marmota caudate), сарышұнақ (Sperimophilus fulvus) су тышқан (Ondatra zibethica), құм қоян (Lepus tolai).
Құстар
Паркте құстардың 300- ге жуық түрі бар. Оның ішінде ұялайтыны – 124, қалғандары ұшып өтетіндер және қоныс аударатындар. Қазақстанның Қызыл кітабына 30 түрі енген.
Балықтар
Балықтардың фаунасы қазіргі таңға аз зерделенген. Парктің аумағы үшін типтік түрі – кәдімгі қарабалық (Schisothorax intermedius) және жалаңаш осман (көкбас балық) (Diptychus dubowskii). Өгем өзенінде форельдің аз саны кездесті, сонымен қатар Арыс өзенінде сазан кездеседі.
Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар
Паркте бауырмен жорғалаушылардің 12 түрі мен Қазақстанның Қызыл кітабына енген 2 түрі және қосмекенділердің 2 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген 1 түрі кездеседі, бұл осы топқа жататын аймақтық фаунаның 70 пайыздан артығын құрайды.
Омыртқасыз жануарлар
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2006 жылдан бастап жүргізілген зерттеулер нәтижесінде омыртқасыз жануарлардың 15 отрядынан 349 түрлері анықталды. 2010 жылы тағы да толықтырылады.
Сайрам-Өгем МҰТП-ның аумағында кездесетін омыртқасыз жануарлар
Топтары мен түрлер |
Түрлердің саны |
Түсіндірме |
Жәндіктер (бунақденелілер) |
түрлер |
|
Қаттықанаттылар |
57 |
|
Қабыршаққанаттылар |
25 |
|
Қосқанаттылар |
28 |
|
Жарғаққанаттылар |
43 |
|
Турақанаттылар |
34 |
|
Жартылай қаттықанаттылар |
120 |
|
Торқанаттылар |
4 |
|
Теңқанаттылар |
7 |
|
Инеліктер |
24 |
|
Дәуіттер |
2 |
|
Қабықша қанаттылар |
2 |
|
Таяқшалар |
1 |
|
Күндіктер |
1 |
|
Весняки |
1 |
|
ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлері |
2 |
|
Қысқа қанатты боливария |
|
|
Ағаш дәуіті Hierodula tenuidentata |
|
|
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.
№1 бағыт –Мақпал көлі.
Қозғалыс түрі – атпен, бағыттағы негізгі пунктер Өгем кордонының жотасы, Өгем - жол жөнекей Диірменбастау шатқалы. Бағыт ұзақтығы – 45 км.
№2 бағыт –Сусіңген көлі.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: Өгем кордоны – Өгем – өз. – Айғыржыққан өз. Жаужүрек асуы–Ақкөйлек шатқалы – Тогытба асуы. Бағыт ұзақтығы - 31 км.
№3 бағыт – Сазан ата өзенінің петроглифтері.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу өзен - Сазаната жылғасы - Сілбілі көлі. Сазан ата бастауы. Бағыт ұзақтығы -12 км.
№4 бағыт - Сайрамсу көлі.
Қозғалыс түрі – жаяу. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі – Сайрамсу өз.- Кырчищлы –жылғасы, Көпжайлау – жылғасы, Сайрамсу көлі. Бағыт ұзақтығы -14 км.
№5 бағыт –Сарыайғыр өзені–Сусіңген көлі - «Южная» туристік базасы.
Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: Сарыайғыр өзенінің кордоны –Сарыайғыр өз.– Мыңжылқы шатқалы–Тікенек – асуы, Ақбұрхан – өз., Ұлыжұрт – асуы, Кішіжұрт – асуы, Қырыққыз – шатқалы, Бадам өз. – Бадам кордоны. Бағыт ұзақтығы -72 км.
№6 бағыт –Бозторғай өзені.
Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: Боралдай тауы –Көкбұлақ кордоны - Бозторғай өзені. Бағыт ұзақтығы -72 км.
№7 бағыт– Владислав шыңы.
Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу - өз., Көпжайлау өз. (жабайы альпинистер шатқалы) –Снежный асуы (3350 м), Владислав шыңы (3632). Бағыт ұзақтығы -30 км.
№ 8 Маршрут- «Қасқасу өзендері» Сусінген көлі. Қозғалыстың түрі –жаяу жүру, салт атты. Негізгі географиялық пунктердің атауы- Қасқасу өзені, кордон Қасақасу, Қыржалсай өзені,Қыржалсай асуы, Үшқарасай көлі, Сусінген көлдері.(қайтар жолмен санағанда) Маршруттың ұзындығы- 32 км.
№ 9 Маршрут- «Сарыайғыр өзені бойындағы шатқал». Қозғалыстың түрі –жаяу жүру. Негізгі географиялық пунктердің атауы- Сарыайғыр өзенінің төменгі сағасындағы көпір, Ұлар – өзені Сарыайғыр өзенінің орта сағасындағы сарқырамалар.(қайтар жолмен санағанда) Маршруттың ұзындығы- 13 км.
№ 10 Маршрут- «Құс базары» . Қозғалыстың түрі –жаяу жүру. Негізгі географиялық пунктердің атауы- Машат шатқалындағы бақылау бекетінен, Машат өзені жағасындағы ағаштарда Машат өзені бойында мекен ететін құстар аумағы.(қайтар жолмен санағанда) Маршруттың ұзындығы- 7 км.
№11 Маршрут «Ушбастобе ескі қонысы
Қозғалыс жасау түрі жаяу,аттылы,маусымдық,жеке және топтық,42км (қайтар жолды да есептегенде) Бағыттың пайдалану мерзімі маусым-қыркүйек