Сайрам-Өгем МҰТП-де конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – аталған реформаның өзектілігін кеңінен түсіндіру және еңбек етіп жүрген мамандардың көзқарастарын ортаға салу.
Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық өзгерістердің елдің тұрақты дамуына, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар жиын барысында реформаны іске асыру барысындағы маңызды бағыттар талқыланып, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Мұндай басқосулар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың елдегі саяси өзгерістерге белсенді араласуына ықпал ететіні айтылды.












