Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2026 жылдың күз мезгілінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем, Төлеби және Түлкібас филиалдарында орман қоры жерлеріне күзгі түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – орман қоры жерлерінің жай-күйін анықтау, табиғи ресурстарды есепке алу, орман алқаптарының сақталуы мен жағдайына бақылау жасау.

Күзгі түгендеу – табиғи байлықтарды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және орман қорын тиімді басқару бағытындағы маңызды шаралардың бірі.

Табиғатты сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз!

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.