Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

“Таза Қазақстан – болашақ кепілі” 14 сәуір ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және “Парктер шеруі – 2026” табиғат қорғау акциясы аясында ұлттық парктің Түлкібас филиалы Даубаба шатқалында ауқымды “Мөлдір бұлақ” тазалық шарасы өтті. Іс-шараға Самұрық-Қазына АҚ еншілес ұйымы “Түркістан Бу-Газ Қондырғысы” ЖШС қызметкерлері мен ұлттық парк мамандары бірлесе атсалысты. Акция барысында Даубаба өзені бойындағы бұлақ көздері ашылып, айналасы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар демалыс орындарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Облыстық деңгейде өткен шараға 40-тан астам адам қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #Экология #ТабиғаттыҚорғау #Түлкібас #Даубаба #SamrukKazyna

  

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.